Атырау, 24 желтоқсан 17:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жайма базарды жою керек

2 065 просмотра

Қалалық билік жайма саудамен айналысатын саудагерлерге «соғыс» жариялады. Ал олар болса әзірге бұл туралы білмей, саяжай бүлдіргенін жерде отырып сатуды жалғастыруда.

Қалалық әкімдікте таяуда болған кеңесте қаланың бас санитарлық дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ жайма саудагерлерді қуып жіберу рейдінің тиімсіздігін мойындап, олар үшін өркениетті шағын базарлар ұйымдастыруды ұсынды:

- Қалада базарлардың жанында осындай 6 сауда нүктесі бар. Бұлар «Дина», «Насиха» пассажы, Авангардтың соңғы аялдамасындағы «Атаба» мини-маркеті, Жилгородок, «Мұрагер» сауда үйі мен Балықшы. Бірнеше жыл бойына біз осындай саудамен күрестік, 12 нүктенің жартысы ғана қалды. Алайда көшелерден саудагерлерді толықтай қуып жіберу мүмкін болмай отыр, -деді Т. Мұсағалиев. - Жеңіл конструкциядан орынақысы төмен муниципалдық шағын базарлар ұйымдастыруды ұсынамын. Оларды базарлардың меншік иелері әкімдіктің жалға берген жер учаскелерінен салып алар еді, сонымен қатар, аумақтың ластану проблемасын шешер еді.

Қала әкімінің  орынбасары Амантай АЙТБАЕВТЫҢ пікірінше, шағын базарларды салу проблеманы шешпейді екен:

- Біз саудагерлермен әңгімелестік. Мәселе базардың жоқтығында емес, бұл орындар кісінің көп жүретіндігімен қызықтырады. Өткен жылдары базар қожайындарымен оларға  тегін орындар беру жөнінде келісімге келген едік. Бірақ олар ол жерге бармай, саудалары жүретін жерге қайтып келеді. Біз қуып жібереміз, тауарларын тартып аламыз, бірақ бір сағаттан кейін саудагерлер қайта оралады, біреулері үшін бұл жерде сауда жасау – табыс табудың бірден-бір көзі. Менің ойымша, ол жерде үнемі кезекшілік ұйымдастырып, антисанитарияның орын алмауын қадағалау керек сияқты.

- Рейдтердің бірінде біздің қызметкеріміз зардап шекті. Бір әйел оны балықпен ұрыпты, - деп есіне алды Мұсағалиев.

Қала әкімі Асқар КЕРІМОВ жайма сауданың тамырын екі апта ішінде жоюға тапсырма берді:

- Шағын базарлар туралы пікірмен келісемін. Оларды сауда жүретін жерлерге салдырып, кәсіпкерлерге беру керек. Саудагерлерден азғана орынақы алып, айналаны таза ұстасын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 мамыр 2012, 22:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.