Атырау, 24 қараша 12:32
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бағыңды байқап көр

1 924 просмотра

Саша Денисовтың коллажыЖоғарғы немесе арнаулы оқу орындарының дипломын алған жастардың тығырыққа тірелетін кездері жиі кездеседі. Жұмыс беруші тәжірибесі бар жандарды жұмысқа алғанды жөн көреді, ал жас түлекте ол қайдан болсын? Жұмыспен қамту–2020 бағдарламасының бірі - «Жастар тәжірибесі» осы мәселені қолға алыпты.

- Биыл жастар тәжірибесі бойынша жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының 300-дей түлектерін жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Республикалық трансферт бойынша осы мақсат үшін 37 млн теңге бөлінді, - дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнар ҚҰСПАНОВА.Жұмыс орындарын ұсыну жөнінде 70 кәсіпорынмен келісім-шарт жасалды.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қабылдау шарты қалыптасқан тәжірибеге мүлдем қарама-қайшы: үміткердің ешқандай жұмыс тәжірибесі болмауы тиіс. Жұмыспен қамту орталығы жастарды жарты жылға жұмысқа орналастырып, 26 мың теңге еңбекақымен қамтамасыз етеді.

- Осы жарты жыл ішінде олардың өздерін көрсете біліп, тұрақты жұмысқа қалуларына мүмкіндік болады, - деп есептейді Г. Құспанова. - Мұндай жағдайлар аз емес. Шетелдік компанияда еңбекақысы жақсы орынға қол жеткіген жастар бар.

Орталықтың мамандары дипломға сәйкес орын табуға тырысады. Мәселен, оқуды жаңа бітірген заңгерлерді прокуратураға, сот орындаушылары департаментіне жібереді. Жастарды жер комитеті, салық департаменті қуана қабылдайды. Биыл орталық бітіруші педагогтарды да бағдарламаға тартуды жоспарлап отыр.

- Бұл бағдарламаның жақсы жері - жастар өз мамандықтарын нақты жағдайда байқап көріп, өзінің мамандығын дұрыс таңдаған ба, соны түсінуіне мүмкіндіктері болады, -  деп атап өтті Г. Құспанова.

Жастар бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқысы келетін жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітірген түлектер қалалық жұмыспен қамту орталығына мына мекен-жай бойынша хабарласа алады: Авангард, 2 м/а, 23 Б үй. Телефондар: 28-43-45, 28-43-46.

Тамара СУХОМЛИНОВА

30 мамыр 2012, 21:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.