Атырау, 24 қараша 12:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шегірткеге қарсы қарымта

2 496 просмотра

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары қазір олардан келіп кетер қауіп жоқ деп сендіреді.

Дәл осындай тыныштандыруды  олар бұған дейін де айтқанымен («Шегірткелер шабуылы» - «ЖС» №21, 24.05.2012ж.) өткен аптада шегірткелер Дамбы ауылында  үйлерге дейін басып алды.

ҚРАШМ Атырау облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары Руслан ШЫҒАЕПОВТЫҢ айтуынша,шегірткелер қала маңындағы елдімекендердің 2200 гектар жер  учаскесіне («Ақ Жайық» табиғи резерватының 1100 гектарына және Кеңөзек селолық округындағы «Алғабас» ЖШС-нің 1100 гектарына) залал келтіріп үлгерген.

Ал ҚР АШМ Атырау облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау бөлімінің бастығы Әбила ҚАЗИЕВА шегірткелерді «Геркулес» химикатымен улап жатырмыз дейді.

- «Геркулес» ерітіндісі – шегірткенің даму процесін тоқтатуға тырысады. Сондаличинкалары әрі қарай дамымай, өледі. Әуеден жеңіл ұшақпен және жерден трактормен осы дәрі шашылып жатыр, - дейді Ә.Қазиева. 

Еске сала кетсек, бүгінде Қызылқоғада 1300 гектар, Индерде 200 гектар, ал Жылыойда 400 гектарды шегіртке қаптаған.

Аудандар арасында шегірткелерден көп кесел көріп отырған - Құрманғазы ауданы. Онда  11 000 гектарды азиаттық шегіртке, 13 070 гектарды итальяндық прус жаулаған.

Айнұр САПАРОВА,

Суретті түсірген автор

30 мамыр 2012, 21:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.