Атырау, 24 қараша 12:47
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қайықтағы құтқарушы періштелер

3 930 просмотра

28 мамыр күні күндіз орталық көпірден Жайық өзеніне бір бойжеткен секіріп кетті. Оның бақытына қарай, өзенде рейд ұйымдастырып жатқан ТЖ судан құтқару қызметкерлері кез болып, аман алып қалған. Біздің фототілшіміз де кездейсоқ сол маңнан табылып, құтқару сәтін суретке түсіріп үлгерді.

- Біздің қызметкерлеріміз қыздың көпірден суға секіргеніне куә болды, бірден құтқаруға ұмтылды,дейді Атырау облысы ТЖ жөніндегі департаменттің судан құтқару стансасының  кезекшісі Жомарт ҒИБАДАТОВ.

Құтқарушылар бойжеткенді судан шығарған кезде ол ес-түссіз, су жұтып қойған. Оған сол жерде-ақ бірден алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді және жедел жәрдем шақырылды. Оны көпірден секіруге ненің мәжбүрлегенін әзірге білу мүмкін емес, өйткені ол әлі де әлсіз күйде. Бойжеткен есімінің Шынар екендігін және 1992 жылы туғандығын ғана айтып үлгерді. Құтқарушылардың мәліметтеріне қарағанда, ол бірден облыстық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілген.

Келесі күні 29 мамырда оның жағдайы жақсара бастады. Облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Дәулен ЕЛЕУОВТІҢ айтуынша, оны жансақтау бөлімінен терапия бөлімшесінің жалпы палатасына ауыстырған екен. Ол өзінің кішкене баласын ата-анасына тастап, Мақат ауданынан келгенін айтып берді. Қалада жұмысқа орналасуға тырысып көргенімен, онысынан ештеңе шықпаған. Ол бір мезетте өз өмірімен қоштасуға бел буыпты.

ТЖД мәліметтерінде 25 мамырда да Жилгородоктағы автокөлік көпірінде өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенген факті тіркелген.  Онда осы шамалас бойжеткен Жайыққа секірмекші болған, алайда, өтіп бара жатқан көліктердің біріндегі адамдар оны көріп, көпірдің жақтауынан алып шыққан, ал, кейін мұндай әрекетке баруға болмайтындығын қарапайым тілмен айтып түсіндірген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА,

Суретті түсірген  Қанат ЕЛЕУОВ

30 мамыр 2012, 21:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.