Атырау, 5 қазан 12:01
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бұрышы жоқ үй салсам...

13 369 просмотра

Халықаралық балалар күні қарсаңында біз балғындардың армандарымен бөліскен едік.

Артём ШИХАНЦОВ, 6 жаста:

- Мен өз арманымдағы үйді салу үшін сәулетші болғым келеді.

- Сенің арманыңдағы қандай үй?

- Ол үйде бұрыш болмайды. Ал, ата-аналар болса балаларын бұрышқа тұрғыза алмайды. Демек, балалар аз жылайтын болады. Мен тағы да мамамды қорғау үшін үлкен және күшті болуды да армандаймын.

Ксюша ОСАВАЛЮК, 5 жаста:

- Менің армандарым көп. Менде ойыншықтың көп болғанын қалаймын. Басты арманым – соғыс болмаса екен деп тілеймін.

- Бірақ, бізде соғыс жоқ қой?

- Бізде жоқ, бірақ, мен  Жердің үлкен екендігін білемін. Және соғыс болып, адамдар өліп жатқан қалалар бар екенін де білемін. Оны теледидардан жиі көрсетеді. Олай болмауы керек. Адамдардың қуанып, күліп жүруі үшін қай жерде болсын бейбітшілік болуы тиіс.

Инсар ИМАШ, 6 жаста:

- Мен ғалым-ғарышкер болғым келеді. Ғарыш кемесімен ұшып, түрлі тәжірибе жүргізсем деймін. Көптеген мәселелерді оқып үйрену керек. Мәселен, мен өте ертеде Жерге құлап барлық динозаврларды өлтірген кометаларды зерттеcем деймін. Жалпы ғарыш мен үшін қызықты, өмірімнің барлығын соған арнағым келеді.

- Сен үшін махаббат деген не?

- Жігітке қыз ұнап қалса және олар кездескілері келсе, онда оның махаббат болғаны. Ол туралы жай ғана айта салуға болмайды, өйткені, ол жүректе, оны тек сезіне білесің. Мен ата-анамды жақсы көремін, оны жүрекпен сезіне білемін. Өзімнің қарындасымды да қатты жақсы көремін, ол маған ерегесіп, жиі тентектік жасайды, бірақ, мен оны жақсы көремін. Ал, әзірге менің сүйетін қызым жоқ.

Нұрайна МҰХИТОВА, 6 жаста:

- Мен полицей болғым келеді. Қазір қылмыскерлер көп, балаларға жалғыз серуендеуге болмайды. Өздері үлкен болса да ересектер де қорқады. Үлкен болып өскенде мен адамдар қорықпас үшін қылмыскерлер мен бандиттерді ұстаймын. Сол кезде балалар алаңсыз қыдырып, аналарымыз біздерді уайымдамайтын болады. 

- Қайырымды адам деп қандай адамды айтуға болады?

- Дос бола білген адам қайырымды адам болады. Жаман адамдар дос бола алмайды. Демек олар мейірімді емес.

Рафаэль САРАДЖОВ, 6 жаста:

- Мен барлық адамдардың жүзінен күлкі кетпесе екен деп армандаймын. Олардың аппақ тістерімен жарқылдап күлуі үшін тіс дәрігері болсам деймін. Балалардың да, үлкендердің де тістерін емдейтін боламын.

- Көптеген адамдар тіс дәрігерінен қорқады, сен өзің қорықпайсың ба?

- Жоқ, мен мейірімді тіс дәрігері боламын. Мен адамдарға ауыртпайтындай етіп, барлығын сақтықпен жасаймын. 

Виктория ШВАБАУЭР, 6 жаста:

- Мен Астраханда болсам деп армандаймын. Менің апам ол жақта болды және оның әдемі қала екенін айтты. Оны өз көзіммен көргім келеді. Бұл - менің кішкентай ғана арманым. Ал, үлкен арманым - өз жанұяммен  көптеген жерлерге саяхатқа шығу. Түрлі елдерді көріп, көптеген адамдармен достасу үшін ұшақтармен ұшып, пойыздармен жүріп, кемелермен жүзіп жүргім келеді.

- Сен бақытты адамсың ба?

- Әрине! Барлық бала бақытты болуға тиісті. Мен бақытсыз балаларды білмеймін.

Аружан САҒЫНТАЕВА, 6 жаста:

- Әкем мен шешем мен үшін қуанып, мені мақтан тұтатындай ақылды болуды армандаймын. Және ол үшін қатты тырысу керек екендігін білемін. Мектепте жақсы оқып, көп кітап пен қиын есептерді шығаруым  керек. 

Ернұр ЖАЛҚЫБАЙ, 6 жаста:

- Мен папам бізді Алматыға алып барса ғой деп армандаймын. Онда өте қызық. Көптеген саябақтар мен аттракциондар бар. Түрлі әткеншектерге отырғым келеді. Онда өте көңілді. Және онда тағы да барахолка бар, одан бәрін де сатып алуға болады. 

- Сенің ойыңша бақыт деген не?

- Мен үшін бақыт деген біздің отбасымыздың бірге болғаны. Ондайда менің көңіл күйім көтеріліп, ойынға шыққым кеп тұрады. Ал, егер әкем мен шешем менсіз бір жаққа кетіп қалса, онда менің көңіл күйім болмайды, ештеңеге зауқым соқпайды. 

Настя АНТОНОВА, 5 жаста:

- Мен сиқырлы таяқша алғым келеді. Сол кезде мен небір түрлі сиқыр жасар едім.

- Қандай сиқырлық?

- Адамдардың түрлі тілектерін орындағым келеді. Олардың жыламағанын, ауырмағанын, ренжімегендерін қалаймын. Оларға не қажет соның бәрі болса деп ойлаймын. Адамдардың барлығы бақытты болса ғой.

Тамара СУХОМЛИНОВА,

Суреттерді түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 мамыр 2012, 21:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.