Атырау, 24 қараша 13:08
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Инспектордың қолы қайда?

1 580 просмотра

Прокуратура айыппұл салу жөніндегі қаулыны бұзуға мәжбүр болды, өйткені жол инспекторлары қол қоюды ұмытып кете береді. 

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, егер тараптардың бірі әкімшілік айыппұл салу жөніндегі қаулыға қол қоймаса, онда ол бұзылады, - дейді облыстық прокуратураның прокуроры Асхат ҚАСЫМОВ. – Бір қызығы, қаулыда тәртіп бұзушының емес, инспекторлардың өзінің қолдары қойылмайды.  Көбіне инспектордың тегі жазылады да, қолы болмай шығады. Ұмытып кететін көрінеді...

Жыл басынан бері  прокуратура заңсыз толтырылған хаттамаға және салынған айыппұлға  қатысты 5 наразылық және 2 ұйғарым шығарды, олардың барлығы да бұзылды. Тәртіптік жауапкершілікке жол полициясының 6 қызметкері тартылды.

- Бұл бап, егер жүргізуші жүйелі түрде бір заң бұзушылықты қайталай берген (бір жыл ішінде үш рет)  жағдайда  6 айға құқығынан айыру жазасын қарастырады. Мәселен, айталық, көлікті жүргізіп келе жатып ұялы телефонды қолдану, нөмірсіз немесе оқылмайтын нөмірлері бар  көлікпен жүру, жылдамдықты асыру, басқа да тәртіп бұзушылықтар болса, -дейді  облыстық прокуратураның прокуроры Асхат ҚАСЫМОВ. – Мұндай жүйе кеңестік дәуірде де болды, куәліктегі үш тесіктен соң жүргізушіні қайтадан тапсыруға жіберетін. Жүргізушілер сол тескіштерден қатты қорқатын.

Биылғы жылдың басынан бері жол полициясы 484-бап бойынша бар-жоғы 18 материал толтырды. Прокурорлық тексеру барысында барлығы  бір-екі күннің ішінде жүргізушілердің құқықтарынан баяғыда-ақ айырылуға мүмкіндік беретін 10 факті анықталды.  Полицейлерге осындай тәртіп бұзушылықтар үшін жүргізушінің куәлігін ғана тексеру жеткілікті болатын.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

 

Атырау қаласында жыл басынан бастап жол полициясында 11 994 әкімшілік іс қозғалған, сол бойынша 101 256 608 теңге айыппұл салынды.

30 мамыр 2012, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.