Атырау, 14 қараша 05:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Ауыл жаңалықтары

3 247 просмотра

КЕКІРЕ - УЛЫ ШӨП

Жылыой ауданында жатаған улы кекіре шөбінің табылуы жер баптаған шаруалар үшін жайсыз хабар болды.

Аудан көлемінде карантиндік зиянкестердің өсімдік ауруларының және арам шөптердің таралу ошақтарын жою барысында көптеген қауіпті аумақтар анықталып отыр. Мәселен, осы ауданға қарасты Жем округінде - 10, Қара-Арна селолық округінде - 8, Ақкиізтоғай округіндегі 15 гектарда осы зиянкес өсімдіктің бар екені белгілі болды. Бүгінде «Фитосанитария» РМК (Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны) химиялық өңдеуді қолға алыпты. Мамандар шаруаларға 10-15 күнге дейін малдарын қауіпті аймаққа жібермеу қажеттігін ескертіп отыр.

 

ТОҒАЙ ӨРТЕНДІ

22 мамырда Индер ауданы, Бөдене селосы тұсындағы қалың жынысты тоғай өртеніп, жалын өшірілді.

Өрт сөндірушілер 4-5 сағат өртпен алысқанымен, 50х400 метр тоғайлық жері күлге айналды. Күннің ыссылығы жабайы жыңғылдарды аман сақтауға мүмкіндік бермеді.

Десе де адам шығыны жоқ, өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ.

 

МАЛҒА СЫРҒА КЕРЕК

Қызылқоға ауданында малды сырғалау жұмысына 5 млн. 171 мың теңге бөлінген. Бұл қаржы компьютер, сырға салғыш құрал және ветеринарлық төлқұжаттарға жұмсалыпты.

Сырғалау мал басына - 80 теңге. 2011 жылы сырғалау жоспары 97 пайызға орындалып, одан 2 млн 789 мың теңге қаржы түскен. Ал биыл бұл науқандық жұмысқа тұрғындар асығар емес. Әсіресе Миялы, Сағыз, Мұқыр селолары белсенділік танытпай отыр. Сырғалау 2013 жылдың аяғына дейін тек ірі қара емес, қой-ешкіге де жүгізілмекші.

 

БРАКОНЬЕРЛЕР «АУҒА» ТҮСТІ

Махамбет ауданы прокурорының көмекшісі Саид АЖМҰХАМЕДОВТЫҢ мәлімдеуінше, Алға селосының тұсындағы «Төлеп қарасуы» көлінен заңсыз балық аулаушылар ұсталған.

2 браконьер 342 кг қаракөз, 81 кг сазан, 304 кг табан балықтарымен қолға түскен. Олардан  ау және басқа да құралдар табылған. Заңсыз балық аулаушылардың үстінен қылмыстық іс көтеріліп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 мамыр 2012, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.