Атырау, 30 сәуір 18:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

«Жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы тұрғын үйдің құнына әсер етеді», «Құрылтайдан кейінгі ой: қайда барамыз, не істейміз?», «Сауд Арабиясының тақ мұрагері вахабизм туралы шындықтың бетін ашты», «Қайдағы касса?»,«Шығыс Еуропаның екі елі бірігуі мүмкін»

2 725 просмотра

TURKYSTAN.KZ. «Балғабек Мырзаев: “Діндарлар есепке алынса да, күдікке ілінбейді”» - Мәжіліс қарауында жатқан дін саласына қатысты заң жобасының түсініспеушілік тудырған нормалары мен актілерін талдау, сараптау, түсіндіру шаралары жалғасып келеді. 

QAZAQTIMES.COM. «Сауд Арабиясының тақ мұрагері вахабизм туралы шындықтың бетін ашты» -  Өткен аптада Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бин Салман АҚШ-тың танымал басылымдарының біріне сұхбат беріп, Трамптың күйеу баласы, Ақ үйдің кеңесшісі Жаред Кушнермен құпия байланысының бар екені туралы мәліметті теріске шығарды.

«Шығыс Еуропаның екі елі бірігуі мүмкін» -  Дүниежізінің географиялық картасында өзгеріс болуы мүмкін. Кеше Румыния парламенті тарихта "Бессарабия" деген атаумен белгілі Молдова жерінің Румыниямен бірігуінің 100 жылдығына орай өткізілген еске алу жиынында Молдовамен бірігу ниетін білдіретін декларация жариялады, деп хабарлайды " kamuoyu.org"

«Батыс пен Ресей қайшылығы жаңа Қырғи қабақ соғысы ма?» - Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынас салқындай түсті. Мәскеу мен Лондон арасындағы жанжалда АҚШ бастаған Батыс елдері Лондон тарабына қолдау көрсетті. 

EGEMEN.KZ. «Жаңа мамандықтардың жайы қандай?» -  Бүгінде жаңарған қоғамға сәйкес мамандықтар рөлі сапалы өзгерістерге ұшыраған. Енді олар бұрынғыдай тұрақты табыс көзі ғана емес. Әрине бұл бүкіл әлемнің даму үрдісі. 

SERKE.ORG. «Жазушылар одағындағы “бықсықты” үрлеп жатқан кім?» - Жақында ғана жаңа басшысын сайлап алған Қазақстан Жазушылар одағының төңірегінен тағы да шу шықты.

 AIKYN.KZ. «Құрылтайдан кейінгі ой: қайда барамыз, не істейміз?» - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Сұлтанәлі  Балғабаевпен драматургия туралы, әдеби процесс төңірегінде жиі әңгімелесіп тұрамыз. Жазушы ұсыныс-пікірлерін, сын-ескертпелерін айтудан әсте жалыққан емес. Қашан көрсеңіз де, «әдебиетті қайтсек дамытамыз?» деп, жанұшырып жүргені. 

«Ауыл және интернет: екеуі қашан табысады?» - Цифрлы дәуірдің жетістіктерін ел өміріне енгізуге талпыныстың бір көрінісі – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы. 2020 жылға қарай интернет қолданушылардың үлесін 78 пайызға жеткізіп, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 80 пайызға дейін арттыруды көздеген бағдарламада ауылды өңірлерді ғаламтор желісімен қамтамасыз ету мәселесі де бар.

 365INFO.KZ. «Қайдағы касса?» - Дінтанушы жезөкшелікті заңдастырам деген шендінің аузын жапты.

ҚАЗТАГ. «Жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы тұрғын үйдің құнына әсер етеді» - Екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) өткен жылы 3 триллионнан астам сомаға мемлекеттік қолдау көрсеткеннен кейін банк секторындағы ахуал тұрақтанды.


30 наурыз 2018, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.