Атырау, 12 қазан 14:32
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Науқастың есебінен күн көріпті

2 370 просмотра

Атырау облыстық прокуратура органдарының тексеруі облыстағы денсаулық сақтау мекемелеріндегі  кепілдендірілген медициналық көмек заңнамаларының сақталмағанын анықтады.  Нәтижесінде 15 тұлға  тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр.

Мәселен, Атырау қалалық №4 емханасы ауруларға 50 пайыз жеңілдікпен таратылуы тиіс «Лизиноприл»  дәрісіне  тиісті жеңілдік  рецебін бермеген. Ал №3 қалалық емханадан мерзімі өтіп кеткен 10 дана фуросемид, 5 дана сальбутамол,12 дана зитмак,3 дана повидон-йод, 200 дана аскорбиновая кислота (бес пайыздық), 90 дана дюспоталин дәрілері табылған.

Аудандық ауруханалардан да талай келеңсіздіктердің беті ашылды.

- Жылойлық жүкті әйелдер дәрігерлердің салғырттығынан  жүктілік мерзімінде тегін берілетін дәрілер мен витаминдерден қағылған. Ал Исатай аудандық емдеу мекемелері биылғы жылдың 9 наурызына дейін дүниеге келген сәбилерге тиесілі  ана мен баланың дәрі-дәрмек қобдишасын дер кезінде бермеген. Тегін таратылуы тиіс дәрі тапшылығын исатайлық 1 жасқа дейінгі  29 бала және 1 мен 5 жас аралығындағы 85 бала тартқан, - деп мәлімдеді Атырау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Ғани ӘБДІРАХМАНОВ. - Әсіресе, Аққыстаудағы балалар дәрігері мен эндокринологы  ауруларға дәрілерді сатқан. Ал аудандағы терапия, хирургия, перзентхана, жұқпалы аурулар бөлімшелерін тексере келгенде емделушілердің парацетамол, рибоксин, линекс, мидокалм, актовегин, аскорбиновая кислота, диклофенак, тромбо АСС тәрізді дәрілерді сатып алуға мәжбүр болғандығы анықталды. Жалпы бұндай заң бұзушылықтарды тізбелей беруге болады, - дейді  Ғ.Әбдірахманов.

Сәния ТОЙКЕН

30 мамыр 2012, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.