2012 жылы күрделі жөндеу жүргізілетін көшелер мен автожолдар және аула жолдарының тізімі.
Мирас (Геолог-2) ықшам ауданы – №7, 8, 9,11, 12, 13 көшелер, Сарайшық, Жұмалиев, Жеңіс, Бөкейхан, Мусаев, Мұнайшылар, Сыпыра жырау көшелері, Жадыра, Нарын және Шұғыла өткелдері. Қалған көшелер: Қаржауов, Қоскелдиев, Қарынбаев, Көшалиев, Тоқсанбаев, Ұзақ күйші атындағы көшелер, Төле би өткелі, Кетбұға батыр, Рысқұлов көшелері.
Геолог поселкесі – Жамбыл көшесі, Строителей ықшам ауданындағы аулаішілік өткелдер – Строительная көшесі, №1- 5 үйлер.
2 қабатты тұрғын үйлер мен жатақхананың (барлығы 32), яғни, №2-ші жатақханадан бастап 29, 31, 55 және 55 А ішкі кварталдық өткелдері және аула өткелдері. Сондай-ақ, емхана, Сәтбаев атындағы мектеп, №1 және №2-ші жатақхананың аумағы.
Атырау ықшам ауданы – №1, 10 көшенің ішкі кварталдық жолдары.
Балықшы поселкесі – Момышұлы көшесі.
Ақ Шағала ықшам ауданы – Жеңіс саябағы ауданындағы кірме жолдар.
Алмагүл ықшам ауданындағы оңтайландыру орталығы – №4 үйдің Сатыбалдиев және Әбдрахманов көшелеріне шығатын ішкі аула өткелдері.
Дамбы селосы – Жалмұхан, Жанкелдин, Махмуд және Махамбет көшелері бойындағы поселке ішілік жолдар, Атырау-Дамбы тас жолынан маршрут автобустарының соңғы аялдамасына дейін.
Самал ықшам ауданы – №1, 7, 12 және 17 көшелер.
Контейнерный ықшам ауданы – ішкі квартал жолдары (№2, 3, 4-14 өткелдер).
Авангард-3 ықшам ауданындағы авторлық мектепке дейінгі гимназияға дейінгі – аумақты асфальттау.
Томарлы селосы – Ермұханов, Колхоз көшелерінің поселке ішілік жолдары, Смағұлов, Әжіғалиев, Наурызбек, Абай-2 және Жұмағалиев көшелерінің учаскелері.
Атырау қаласындағы коммуналдық тұрғын үй:
Нұрсая ықшам ауданындағы (8 үй) «Болашақ» тұрғын үй кешенінің кірме жолдары.
Ерниязов көшесіндегі 72 пәтерлік үй.
Махамбет көшесіндегі 54 пәтерлік үй.
Құлманов көшесіндегі (облыстық әкімдік ауданы) 3 үй (56 және 36 пәтерлік).
Жарбосынов көшесіндегі 90 пәтерлік үй.
Нұрсая ықшам ауданы.
Датов көшесі бойындағы.
Атырау қаласындағы жаяу жолдар құрылымы – Бақсай, Бимағанов, Амандосов (Сатыбалдиев көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін), Ғұмаров, Төле би, Бейбітшілік, Геолог поселкесі, Молдағұлова, Нұрсая және Жерұйық.
Атырау – Индер тас жолы: Ақжар поселкесінен Бірлік поселкесі жас жолының қиылысына дейінгі учаске.