Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

«Газель» ауып түсті

2 251 просмотра

26 мамыр күні күндіз Жұмыскерде мерседес көлігі мен жолаушылар «Газелі» соқтығысып қалды.

Көрген адамдардың айтуынша, басты жолмен Еркінқаладан Авангардқа бағыт алған №52 маршрутқа Рембаза ауылы жағынан келе жатқан мерседес жол бермеген. Соғысудың салдарынан маршрут көлігі бүйіріне қарай ауып кеткен. Жолаушыларға салоннан терезе арқылы шығуға тура келді. Аса ауыр жарақат алғандар болмаған, дегенмен, екі жолаушы ауруханаға жолай кетіп бара жатқан көліктермен кеткен.

- Дабыл түскен бойда біздің қызметкерлеріміз оқиға болған жерге барды, - дейді ІІД ЖПБ жеке батальонның командирі Серік ҒАЙНИДЕНОВ.Алайда, олар келген уақытта екі көлік те оқиға орнынан кетіп қалған. Тергеу жүргізілуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 мамыр 2012, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.