QAZAQTIMES.COM. "Сүрия соғыс салдарынан жеті жылда қалай өзгерді?" - Сүриядағы азаматтық соғыс осы айда сегізінші жылға аяқ басуда. 2011 жылдың наурыз айында наразылық шарасымен басталып, ақыр соңы Орта Шығыстағы ең ауыр соғыс ошағына айналған Сүриядағы азаматтық соғыста осыншама уақыт ішінде шамамен 400 мың адам өмірімен қоштасқан. Бұл соғыста 3 миллион адам жараланса, 1 миллион адам мүгедек болған. Сүриядағы осы бір зұлмат жылдардың кесірінен миллиондаған адам босқынға айналып, тарихи ғимараттар қайта түзеуге келместей болып, үйіндіге айналған.
"Путин алдағы алты жылда қандай саясат ұстанбақ?" - Дмитрий Песков Владимир Путиннің алдағы алты жылда қай бағытта жұмыс істейтінін айтты.
"Қуғын-сүргінге ұшыраған қытайлық өкіл БҰҰ жиналысында коммунистік Қытай режимін айыптады" - Қытай үкіметінің қуғын-сүргініне ұшырап, Құрама Штатта саяси баспана алған танымал қытайлық құқық қорғаушы Ян Жиянли, 20 наурыз күні Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 37-ші отырысында коммунистік Қытай билігін адам құқықтарын аяқ асты етуде деп айыптады. Бұл туралы тайуандық (Тайвань) Eposh Times хабарлады.
AZATTYQ.ORG. "Рақымшылық жариялаудың жай-жапсары" - Анасы, халықаралық құқық қорғау ұйымдары және қазақстандық жұртшылық өкілдері "Қазатомпромның" түрмеде отырған экс-президенті Мұхтар Жәкішевке рақымшылық жасауды сұрайды. Билік рақымшылық жасау үшін президенттің атына Жәкішевтің өзі өтініш жазуы тиіс деп санайды.
TURKYSTAN.KZ. "ЕНДІ БАКАЛАВР ДӘРЕЖЕСІН КОЛЛЕДЖДЕН АЛУҒА БОЛАДЫ" - Бұдан былай бакалавр дәрежесін алу үшін институт пен университеттерде оқу міндетті емес. Алғашқы ғылыми дәрежені колледжден де алуға болады. Мұндай жаңа жүйе Астана колледждерінің бірінде енгізілуде.
365INFO.KZ. "«Оны білеміз ғой». Ең рушыл ақын, ең жағымпаз жазушы кім?" - Қазақ әдебиетінің «алтын кезеңі» өткен ғасырда өтіп кетті деседі. Бұл сөздің өзегінде шындық жатыр-ау… Қазіргі тәуелсіз елдің әдебиеті қандай күйде? Бұл жөнінде осыдан біраз бұрын белгілі жазушы, марқұм Дүкенбай Досжан былай деген еді:
AIKYN.KZ. "ТРАМП ҚЫТАЙҒА ҚАРСЫ «САУДА СОҒЫСЫН» АШТЫ" - АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай тауарларына қатысты жарлыққа қол қойды. Енді Қытайда өндіріліп, Америкаға тасымалданатын бірқатар тауарларға баж салығы енгізілетін болды. Ең қиыны. бұл үлкен көлемде болмақ.
"20 МЕМЛЕКЕТ РЕСЕЙ ДИПЛОМАТТАРЫН ЕЛДЕН ШЫҒАРМАҚ" - Үш аптадан бері Ресей азаматы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Ұлыбританияныі Солсбери қаласындағы ауруханада ес-түссіз жатыр. Британ билігі бұл оқиғаға Ресейдің арнаулы қызметінің қатысы бар деп есептейді.
"ИМЕНБЕЙ КІР, ИТ ЖЫЛЫ!" - ИТ – он екі мүшел жылдың бірі. ИТ сөзі – түркі тілдеріне ортақ. Оны ежелгі түркі жазба ескерткіштеріндегі жазба деректерден байқауға болады. Мәселен, татар тілінде «ит» сөзі «эт», тува тілінде «ыт», өзбек-қырғыз-түркімен тілдерінде «ит» деп айтылады.
Ердің қанаты – ат, үйдің құлағы – ит, тамағы мен киімін асыраушы – бүркіт, қорғанар қаруы – мылтық болуы да сол себептен. Ендеше, табалдырық аттаған ИТ жылының артықшылықтарына тоқталып өтейік.
EGEMEN.KZ. "Қарнақ құпиясы: тарих және сабақтастық" - Қазаққа сан ғасыр астана болған қасиетті Түркістан қаласының солтүстік-батысына қарай 25 шақырым жерде, Қаратау бөктерінде Қарнақ аталатын көне қалашық орналасқан. Он бес мыңдай халқы бар бұл қалашық кеңес заманында шолақ белсенділерге қарсы көтеріліс жасаймыз деп Атабай ауылы атанды. Ауылдың дәл ортасында төрт бұрыштап топырақ дуалмен қоршаған, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жүз метр және солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа карай екі жүздей метр биік төбенің орны байқалады. Қамалдың кіре беріс қақпасы оңтүстік-батыс іргесінің орта тұсында. Кезінде бұл жерде А.Н.Бернштам, Г.И.Пацевич, Е.И.Агеева сияқты археологтар қазба жұмыстарын жүргізді, бірақ белгілі бір қорытынды шығара алмады. Археологтардың бір тобы Қарнақты ортағасырлық Ишкент деп жорамалдаса, екіншілері Қарнақты Әмір Темір әулеті тұсында салынған деп тұжырым жасады.
"Терроризм – бизнес пе?.." - Жасыратыны жоқ, жаңа жүзжылдық есік ашқалы бері әскери күш жекелеген мемлекеттердің ұлттық мүдделерін іске асырушы негізгі құралдардың біріне айналып барады. Оның үстіне елдердің ішкі кикілжіңдеріне шетелдіктердің тікелей араласып, оны асқындырып жіберетін жағдайлар да жиірек көрініс беруде. Бұлар сол өңірдегі бұрыннан қалыптасқан қауіпсіздіктің моделін бұзуға және елдердің мемлекеттілігін қиратуға соқтырып жатады.
SPUTNIKNEWS.KZ. "Министр "Тұрғын үй жинақ банкі" жекешелендірілгенде не өзгеретінін айтты" - Тимур Сүлейменов ТҮҚЖБ үш шарт сақталған жағдайда ғана сатылатынын мәлімдеді.
ZHASALASH.KZ. "Шөкеев сынайды, Мырзахметов мақтайды…" - Сейсенбі күнгі үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары А. Евниев ауылшаруашылығы кооперативтерін дамыту туралы айта келіп, бұл саладағы жұмысты «саны бар да сапасы жоқ» деп сынады. Ол агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы баяндама жасаған болатын.
"Оралда баптистер заңға бағынбай отыр" - Елімізде заңнама талабына сәйкес барлық діни бірлестік ресми тіркеуде болуы тиіс. Бірақ Батыс Қазақстан облысында заңнама талабын орындамайтын діни ұйым бар. Олар – «Евангелдік христиан баптистері шіркеулерінің халықаралық кеңесі».Құзырлы органдардың ескертуіне құлақ асқан емес.
JASQAZAQ.KZ. "Болгардың барды ұқсатуы" - Болгар халқы жайдары, қонақжай. Әлемнің 30 елінен SCIJ Meeting-ке (Халықаралық шаңғышы – журналистердің басқосуы) келген 150 әріптесіміздің көзі бұған анық жетті. Дәстүрлі жиын биыл Пловдив қаласы мен Пампорово шаңғы демалысы орталығында өтті. Пловдивтің тарихы тым әріде. Шаһар – алдағы жылы Еуропаның мәдени астанасы. Ежелгі заманғы стадионға апарар жолда адамның бойындай әріптермен жазылған TOGETHER деген жазу көзге шалынады. Кәрі құрлық осы арқылы «Біргеміз. Берік іргеміз» деген ұстанымын аңғартқысы келгендей. Бұлай дейтін де жөні бар. Brexit-тен кейін бірліктің сөгілмеуі Еуропаға өте-мөте қажет екені түсінікті.
В Атырау +4