Атырау, 25 сәуір 15:21
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Құтқарушылар көмекке келді

5 891 просмотра

Ел беймарал демалып жатқан мамырдың 24-і күні ымырт үйіріле облыстық судан құтқару қызметі қауырт жұмысқа кіріскен еді.

21 сағат 15 минутта ымырт үйіріле бастаған шақта, олар «Ренко» отелінің маңындағы жағалауға шомылуға келген балаларды байқаған. Құтқарушылар казанканың моторын іске қоса бергенде, балалардың бірі көмекке шақыра бастапты.

Кейін алтыншы сынып оқушысы Витя өзен ортасына дейін жүзіп барып, жағалауға кері қайтпақ болғанда, өзінің әлсіреп қалғанын әңгімеледі. 

Судан құтқару қызметкерлері баланы жағаға жеткізгеннен кейін орталық көпір жаққа қарай ағыс әкетіп бара жатқан бір адамды көреді. Судан шығарылған құрылыс фирмаларының бірінің 25 жастағы жұмысшысы жұмыстан кейін суға шайынып алу үшін ДСК маңындағы жағалауға келгенін, бірақ күші кетіп, суға бата бастағанын айтты.

Облыстық судан құтқару қызметі бастығының орынбасары Самат ҚҰМАШЕВТІҢ айтуынша, балаға қатысты жағдайды хабарлау үшін ата-анасына айтқан телефон нөмірі арқылы қоңырау шалған, бірақ ешкім тұтқаны көтермепті. Енді құтқарушылар оның сынып жетекшісіне бармақшы. Егер, әрине, ол өзі оқитын мектебін дұрыс атаған болса.

25 мамырдан бастап «Ренко» қонақ үйінің маңындағы пирсте судан құтқару қызметінің бекеті орнатылды.

МұратСҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 мамыр 2012, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.