Атырау, 24 қараша 13:09
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жымиыңыз - сізді түсіріп жатыр

2 345 просмотра

Қалалық әкімдікте өткен мәжілісте ІІД жедел басқару орталығының бастығы Аманқос НАЗАРОВ бүгінгі күні Атырауда 266 бейнебақылау камерасының орнатылғандығын хабарлады.

Осы камералардың көмегіменжыл басынан бері16 қылмыс және 10,3 мың, оның ішінде жолда 8 мың құқық бұзушылық анықталған. Осылайша камералар өздерінің тиімділігін дәлелдеді.

Назаров әкім блогындағы камералардың жұмыс істемейтіндігін баяндаған қалалықтардың шағымына түсінік бере кетті. «Барлығы жұмыс жасап тұр!» - деп мәлімдеді ол және олардың 146-сы өз осінен айналып тұрады, ал, 120-сы жылжымайды, міне, сондықтан да адамдарда олар жұмыс істемейді деген күдік туындайды.

Биылғы жылы жаңа камералар (қалада олардың барлық санын 500-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр) сатып алуға байланысты өткізілетін тендер үш рет болмай қалды.Назаровтың айтуынша, оған ықтиярлы жеткізушілердің жоқтығы себеп болған. Ол сондай-ақ, кадрлардың жетіспеушілігіне тоқталып өтті. Атырауда жедел басқару орталығынан басқа оның екі бөлімшесі жұмыс істейді: қалалық полиция бөлімшелері жанынан Алмагүл ықшам ауданында және Балықшы поселкесінде бар. Кешенді бейнебақылау жүйесін қамтамасыз ететін операторлардың жалпы штаты 8 адамды құрайды. Мұндай штат қалада өткен жылға дейін жұмыс істеген шектеулі – 17 бейнекамераға есептелген еді.

Екінші бір проблема – жүйені ұстауға қаржының жетіспеушілігі. Осындай қажеттіліктер үшін сұралған 50 млн теңгенің орнына тек 9 млн ғана бөлінді. Қалалық әкімдікте осы проблемаларды шешуге уәде етті. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 мамыр 2012, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.