Атырау, 16 қазан 12:44
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Тікұшақпен ұстады

1 861 просмотра

24 мамырда Каспий теңізінде браконьерлерді ұстау кезінде қазақстандық шекарашылар қару қолданып, нәтижесінде Дағыстан тұрғыны жарақат алды.

Батыс өңірі әскери прокурорының орынбасары Руслан АЛМАХАНОВТЫҢ айтуынша, бұл шамамен сағат 15-те орын алған. №2016 әскери бөлімшесінің әскери қызметкерлері Ми-8 тікұшағымен жүргенде Исатай ауданының Забурын селосынан шамамен 20 километр қашықтықта браконьерлер мінген байданы тапқан. Шекарашыларды байқаған браконьерлер қуғыннан құтылмақ болады. Әскери қызметкерлер ескерту ретінде оқ атып, содан соң қайықтың двигателіне оқ жаудырған. Қайық тоқтап, ішінен көмек сұраған дабылдар түсе бастапты. Сөйтсе, браконьерлердің бірі, Дағыстанның 48 жастағы тұрғыны аяғынан жараланып қалған екен. «Лебедканың» көмегімен шекарашылар оны тікұшақтың бортына салып алып, облыстық ауруханаға жеткізді. Оқиға болған маңға шекара катерлері жіберілді.

Әскери прокуратура тергеуге дейін қару қолдану заңдылығына тексеру жүргізуде.

Бізге облыстық аурухананың травматологиялық бөліміндегілер хабарлағандай, оларға жеткізілген пациенттің екі жіліншігін оқ тесіп өткен. Жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 мамыр 2012, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.