Атырау, 24 қараша 12:39
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кім, қайда, қашан?

3 247 просмотра

Жазғы демалыс пен балаларды сауықтыруға биыл облыстық бюджеттен 334 млн теңге бөлу жоспарланған.

25 мамырда 90,5 мыңдай 1-10 сыныптың оқушылары мен кәсіптік лицейлердің 1-2 курс студенттері жазғы демалысқа шықты. Өкінішке орай, жергілікті лагерьлер барлық ниет білдірушілерді қабылдайтын жағдайда емес.

«Тұлпар»  лагерінде жазда аз қамтылған отбасынан шыққан 1 250 бала мен пәндік олимпиада жеңімпаздары демалады. Өткен жылы Индер ауданында ашылған «Жас өркен» лагері 1 008 бала, ал Махамбет ауданындағы «Арай» лагері 480 бала қабылдайды. Биыл оларға Сарайшық селосындағы №7 кәсіптік-техникалық лицей жанындағы лагерь қосылады, онда 150 бала демала алады. Көп жылдардан бері Железноводскідегі «Қазақстан геологы» лагерінде атыраулық 1 200 бала денсаулықтарын түзетуде. Бір балаға арналған жолдама 64 500 теңге тұрады. Жыл сайын Каспий тұрба құбыры консорциумы №1 интернаттың, «Ақ бота» балалар үйінің және «Шаңырақ» отбасылық ауылының балалары үшін Железноводскіге емделу және демалу шығындарын төлейді. Аджиптің демеушілік көмегімен 40 жетім бала осы жазда Италияның Адриатика теңізінің жағалауына демалуға барады. 4 258 оқушы жазғы демалыстарын мектеп жанындағы лагерьлерде өткізеді. Бұдан басқа, мектептер жанынан тамақтандырмайтын 163 лагерь ұйымдастырылады. Онда балалар жарты күндерін өткізіп, түрлі үйірмелерге қатысады.

- Бәрінен де Құрманғазы ауданындағы жағдай мүшкіл, - дейді облыстық білім беру басқармасының бас инспекторы Зина ІЗТІЛЕУОВА. Бұрын ол жерде екі жазғы лагерь жұмыс істеген еді, қазір ол жоқ. Мектеп пен оқушылар саны бойынша бұл аудан Атыраудан кейінгі екінші орында тұр. Ол жерде 10 мыңдай оқушы білім алатын  37 мектеп бар.

Денсаулығында кінәраты бар балалардың демалуына қатысты мәселе - бөлек тақырып. Диспансерлік есепте 9 793 бала тұр, оның тек 1 362-і Атырауда, Индерде, Қызылқоғада және Махамбетте орналасқан шипажай типті 18 лагерьде өз денсаулықтарын түзете алады. Жолдаманы бөлу кезінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына баса назар аударылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 мамыр 2012, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.