Біз отбасына үшем әкеліп, жалпы балаларының саны тоғызға жеткен Сәуле ДЕМЕШОВА және Шалқар ЖАҢБЫРОВТАР туралы хабарлаған болатынбыз («АЖ» №16, 19.04.12, «Өмірге үшем келді»).
Махамбет ауданынан облыс орталығына көшіп келген отбасы ұзақ уақыт кішкене ғана үйде тұрып келді. Міне, көптен күткен жаңа пәтер де бұйырды! Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, олар баспанаға аса мұқтаж деп танылып, өткен аптада тапсырылған С.Датов көшесіндегі үйден 3 бөлмелі пәтер алды. Қалалық қамсыздандыру бөлімі жүргізуші мамандығы бар көпбалалы отағасыға жалақысы жоғары жұмыс іздестіруде.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА