Атырау, 11 желтоқсан 20:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Ең маңыздысы - махаббат

6 047 просмотра

«АЖ» тілшісі қазіргі жастардың ырымдарға қалай қарайтындығына зерттеу жасап көрді.

Жергілікті славяндардың қазақ жұптарына қарағанда, мамыр айында неке қидыруға аса сақтықпен қарайтындығы белгілі болды. 

- Бізде бұл айда үйленсе ырымға жаман деген сөз бар, айталық «май» сөзі орыстың «маяться» деген сөзінен шыққан деп айтады. Олар мамыр айында үйленгілері келмейді,- дейді негізінен орыс тойларын жүргізуден тәжірибесі бар Марина есімді асаба. – Жаз айларының басталып, толығымен жұмысқа кірісуді асыға тосып жүрміз.

- Неліктен үйленбейді? – деп таңданады қазақ тойларын басқаратын асаба Дамир ОРАЗҒАЛИЕВ. – Мамыр айына қатысты ырымдар туралы естідім, бірақ, қазақтардың арасында оның кең тарап кеткендігін байқағаным жоқ. Үйленуші жастардың көпшілігі тойларын тамыз-қыркүйек айларында жасайды. Менің ойымша, бұл уақытта жеміс-жидектер мен көкөністер пісіп, той аз да болса арзанға шығады деп есептейтін сияқты.

Таныстарымыз бен қызметтестерімізге жүргізілген сауалнама кеңес дәуірінде де тіпті, одан 10-15 жыл бұрын да көптеген қазақтардың осы айдан сақтанғандығын көрсетті. Бірақ, қазір олай емес.

Облыстық әділет департаментінің баспасөз хатшысы Гүлбахрам ЖАУҒАШТИЕВАНЫҢ айтуынша,биылғы мамыр айында некеге 200 жұп тіркелген. Бұл орташа статистикалық көрсеткіш.

Анастасия ПАСТУХОВА

30 мамыр 2012, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.