26 мамыр күні Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы Атырау облыстық комитетінің құрамы жаңартылды. Партияның бұрынғы бірінші хатшысы Жәукен КӨШЕНОВТІҢ орнына аймақтық дене шынықтыру және спорт орталығының бас маманы Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ сайланды. Көшенов жұмыстан өз еркімен кетті және енді ол партияның бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі қызметін атқарады.
Бұл тағайындаулар 26 мамыр күні өткен есептік-сайлау конференциясында мәлім етілді.
ҚКХП-ның баспасөз хатшысы Гүлжан ИНЖЕЛОВАНЫҢ айтуынша, конференцияда 2010 жылдың 27 қазан айынан бері атқарылған жұмыстар қорытындыланған.
Партияның облыстық комитеті Азаттық даңғылындағы Ғалымдар үйіндегі бөлмелердің бірінде орналасқан.
Айнұр САПАРОВА