Атырау, 26 желтоқсан 15:15
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Атыраудың шенеуніктері табыстарын жария етуде

1 476 просмотра

Бүгінде республика бойынша «Нұр Отан» партиясының 2009 жылғы бастамасы  негізінде әр облыстың жергілікті атқарушы билік органдары өздерінің жылдық табыстарын жариялауды бастап кетті.

Ол жолы партия  шенеуніктерге өз еріктерімен  мүлкі мен табысын жария етуді ұсынған еді.  Басында  бұл  ұсынысты қолдағандар ел шеңберінде тек жүздеп саналса, бүгінде Атырауда қалалық және облыстық әкімдіктің 47 лауазымды тұлғасы өздерінің 2011 жылғы табыстарының тізімін жариялауға қарсы болмаған. Процесске бақылауды  облыс әкімінің  бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ жасайды.  «НұрОтан» ХДП әкімшілігінің заңгер кеңесшісі Гүлнәр ӘЖІБЕКОВАНЫҢ айтуынша, енді аудан әкімдерінің табыстарын жариялау туралы тізім дайындалып жатыр. 

- Бастама ерікті түрде жүргізіледі. Біз ешкімді «табысыңды жарияла» деп мәжбүрлей алмаймыз. Қазірдің өзінде табыстарын жария етуге тілек білдіріп жатқандар саны артып отыр. Бұл бастама жалғасын табады деп ойлаймыз, - дейді Г.Әжібекова, - Олар табыстарын қай газетке жариялайтынын да өздері біледі.

Айнұр САПАРОВА

30 мамыр 2012, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.