Атырау, 13 қазан 07:14
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ҚЫЛМЫСТАР МЕН ОҚИҒАЛАР

1 949 просмотра

16 мамыр күні таңертең Құлсары қаласының 5-ауылындағы үй ауласында 16 жасар бозбала асылып қалған. Осыған қатысты сараптама ісі тағайындалды.

Сол күні Исатай ауданының Жанбай поселкесінде 15 жастағы жергілікті тұрғын да осылай жантәсілім еткен.

* * *

18 мамырда Индербор поселкесіндегі «Еркор» ЖШС-нің 54 жастағы жұмысшысы өндірісте зақым алды. Қиыршық тасты уатуға арналған аппарат тоқтап қалғаннан кейін ол резіңке лентаны қолымен қозғалысқа келтіре бастаған. Алайда аяқ астынан аппарат іске қосылып, оның сол жақ қолын жұлып кетеді. Жұмысшы шұғыл арада ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оның жағдайы қалыпты.

* * *

16 мамырда Құрманғазы ауданының Приморский селолық округінің Баби учаскесінде АІІБ қызметкерлері сазанды айырлармен аулап жүрген Ганюшкин поселкесінің үш тұрғынын ұстады. Браконьерлерден 25 балық тәркіленіп алынды.

* * *

18 мамырда таңғы сағат 6-да Әлиев көшесінің бойындағы үйлердің тұрғындары көпір маңындағы жағалауда белгісіз біреулер шулап, ұйқы бермей жатқанын айтып, полицияға шағымданған. Сол жерге жеткен «Тосқауыл-5» кезекші тобы көше шамдарын сындырып жүрген үш жасөспірімді (ішінде қыз бала да бар) ұстаған. Бұл уақытта олар 6 шамды сындырып үлгерген екен. Олардың істері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияға тапсырылды.

* * *

17 мамыр күні кешкісін Молдағұлова көшесінің бойында «Тойота-Королла» жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, Атырауға Индер ауданынан келген 15 жастағы қызды қағып кетті. Жасөспірім қыз кешегі күні алған жарақаттан облыстық ауруханада көз жұмды.

* * *

20 мамырда Атыраудан «Нелегал» операциясының барысында 5 наурызда Қазақстан аумағынан шығарылған, ал 14 мамырда ҚР шекарасына жаңа төлқұжатпен өткен Өзбекстанның 55 жастағы азаматы ұсталды. Ол Бейнеу теміржол стансасының бақылау қосынынан тіркеуден өтпеген екен. Енді оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 330-бабы (шекараны заңсыз кесіп өту) бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

 * * *

21 мамыр күні Қызылқоға ауданының Қарабау селосында түнгі мезгілде жеке үйлердің бірінің ауласындағы сарайда 1991 ж.т. жігіттер спирттік ішімдік ішіп отырған. Өзара жанжал туындап, біреуі екіншісінің ішіне пышақ сұғып алған. Зардап шегуші орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

23 мамыр 2012, 23:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.