Сиыр малының кез-келген нәрсені - қағазды да, шүберекті де қылғытып жей беретіні белгілі. Бірақ, одан өліп жатқан жоқ. Алайда оларға қатысты да төтенше жағдайлар орын алып жатады. Өткен аптада Махамбет ауданының Алмалы селосының тұрғындары сол маңдағы қоқыс орнынан әлденені жеп қойған бес сиырын амалсыздан союға мәжбүр болды.
Махамбет аудандық ветеринарлық стансасының бастығы Асхат ҚАБЕШЕВ ауру малды емдеуге болар еді деп есептейді:
- Сиырлар шірік картоп пен пияздан уланған болуы керек, - дейді ол.
Улы шіріген тағамды ауылдағы жүздеген шаруа қожалықтарының кез-келгені лақтыруы мүмкін. Ауыл әкімі Қайрат ҚОЙШЫҒАЛИ қоқыстарды тазарту орнына оны лақтырғандарды іздеп жатыр.
Сәния ТОЙКЕН