Атырау, 24 қараша 12:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қыз алып қашу қырғыздарда да бар

2 325 просмотра

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында журналистерге арналған семинарға қатысудың мүмкіндігі туған еді. Оған Қырғызстан, Қазақстаннан бөлек Тәжікстаннан да журналистер мен блогшылар келіпті.

Бұл бас қосу бас-аяғы үш-ақ күнге созылғанымен  этникалық тегі тәжік болса да Қырғызстанда туып-өскенін мақтан тұтатын Сухроб ЭРГАШЕВПЕН, Ыстықкөлден келген журналист-блогшы Сергей ВЫСОЦКИЙМЕН кең пікірлесудің мүмкіндігі туған-ды. Әріптестерім Қазақстандағы демократия институттарының дамуы туралы бірқатар сыни пікірлерін жасырған жоқ. Мәселен, Сухроб біздегі жариялылықты жоққа теңесе, Сергей  Ыстықкөл облысының Қарақол ауданы тұрғындарының жемқор әкімге қарсы митинге шығуға дайындалып жатқандарын айтты.

Несін жасырайық, осыдан екі жыл бұрынғы революциядан кейін қырғыз ағайындар беделінің асып тұрғанын мойындамауға тағы болмайды.

Қарақол демекші, жақында мұндағы бір топ жастар қыздарды алып қашуға қарсылықтарын білдірген акция да өткізіпті. Себебі, соңғы екі жылда Қырғызстанда қыз алып қашу күрт көбейген. Тіпті оның нақты саны да есептеліпті: Қырғызстанда соңғы бір жылдың ішінде 18 мың қыз алып қашу фактілері тіркелген екен.

- Мұны бұрын ұлттық салт ретінде ұстанатын болса, қазір арзандау болу үшін осылай жасалып жатыр, - деп түсіндірді Қырғызстанның «SOS балалар ауылдары» үкіметтік емес әлеуметтік ұйымының белсендісі Омурбек ПАЗЫЛОВ. Бұл ретте қырғыздардың да қазақтардан асып кеткені шамалы екен. Қазір Қырғызстанның үйленгелі жүрген бойдақтарының көбі банктен несие алып той жасауға талпынатын көрінеді. Ал үйленген соң, несиені қайтару үшін Ресейге бірнеше жылға жұмысқа кетеді. Себебі, той жасау қамынан бөлек, қыздың үй ішіне берілетін қалыңмалмен қоса, той малы есебінде тағы да 9 қой мен 1 сиыр беруі керек екен.

Омурбектің айтуынша, Қырғызстанда бір үйлену тойын жасау үшін орташа есеппен 500 мың сом қажет.

Айнұр САПАРОВА

Атырау-Бішкек-Атырау

23 мамыр 2012, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.