AZATTYQ.ORG. «Әлеуметтік желідегі жазба үшін ұсталған 12 адам» - Оңтүстік Қазақстан облысының 12 тұрғынын "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі аккаунтарында жарияланған ислам туралы аудиожазбалар үшін тұтқындап, үстілерінен діни араздықты қоздыру айыбымен іс қозғалды. Қазір олар Шымкенттегі тергеу абақтысында қамауда отыр. Бірақ кейбірі "тіпті әлеуметтік желілерді қалай пайдалануды да білмейміз" дейді.
«Атасы Иракта қалған немересін іздейді» - Алты адамнан тұратын тәжік отбасы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының құрамында соғысу үшін Иракқа кетіп қалған. Бүкіл әулеттен тек бір бала ғана соғыстан аман қалыпты. Елде қалған ата-әжесі он жастағы немересін елге қайтара алмай әлек.
ABAI.KZ. «27 жылдан соң... 27 ақпан!» - Мемлекеттік тіл жайлы сөз етеміз. Совет Одағының тоз-тозы шыққан шірік шапанын шешіп тастап, Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл болыпты. Осы жылдарда пост-кеңестік кеңістіктегі елдердің бірсыпырасында Мемлекеттік тіл айрықша мәртебеге ие болды. Батыл шешімдер қабылданды. Енді соларды рет-ретімен айтайық.
«Жазушыны сорлатқан кім?» - Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының таяуда өткен соңғы пленумы (12.02.2018) ел аңыз ғып айта жүрер тарихи уақиға болды. Тарихи емей немене, бүкіл жазарман қауым көптен ындыны құрып ынтыға күткен ұлы "жеңіске" жетіп бір масайрап қалса.
RATEL.KZ. «Абаев Елбасы сөзін бұрмалады ма?» - Президенттің мемлекеттік тілге қатысты айтқанын сөзіне Тәжин куәлік ете алады. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімет және Парламент жұмысын қазақ тілінде өткізу туралы сөзіне қатысты тапсырмасын түсіндіріп берді, деп хабарлайды.
«Қырымбек Көшербаев: Бастықтарға арнап дастархан жаюды қою керек» - Наурызда киіз үйлерде тек бастықтарға арнап дастархан жаю әдетінен арылу керек.
«Тәуелсіздік алғалы қазаққа қарсы саясат жүргізіліп жатыр» - Режиссер Еркін Рақышев латын әліпбиіне көшуге неге қарсы.
ZHASALASH.KZ. «Айдос САРЫМ. Үйлену оңай, үй болу… немесе Мақтаарал мен Сарыағаш мемлекеттік мәселеге айналып кетті» - Кезінде бюджетті үнемдеу, билік жүйесін оңтайландыру деген желеумен жабылып қалған біраз шекаралық аудандардың өңі мен құты қашып, халқы қалаға немесе басқа аудан орталықтарына ыққаны белгілі. Соңғы кездері осы аудандарды қалпына келтіру жұмысы қолға алына бастады. Жақында Алматы облысындағы Райымбек ауданы қалпына келтірілетіні белгілі болды.
INFORM.KZ. «Бақытжан Сағынтаев Қытаймен арадағы жобаларға қатысты қауесетке жауап берді» - Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобалары тек жаңа технологияларға негізделген. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
DALANEWS.KZ. «Құл-Мұхаммедтің інісі не былықтырып жүр?» - Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Ақтөбедегі судья інісі үлкен дауға қалды. Ақтөбелік судьялар бастықтарынан бір жарым жыл бойы қорлық көргендерін жайып салды.
«”Қазақша үйренемін” деген қай шенеунік уәдесінде тұрды?» - «Қазақша үйренуге сөз беремін». «Жиын-шарларда қазақша сөйлейтін боламын». Ақышев, Сүлейменов одан берідегі Әбілқасымова сияқтылардың берген уәдесі бұл. Күлкілі.
В Атырау +4