Атырау, 5 қараша 14:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Ауыл жаңалықтары

2 896 просмотра

Бір ай мұрсат

«Мақаттағы сапасыз құрылысқа кім жауапты?» атты  аудандағы сапасыз құрылыстар туралы  «АЖ» газетінде  жарық көрген материалдан соң облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ  жағдайды көзімен көру үшін   Мақат ауданына арнайы барды.

Облыс әкімі Бергей Рысқалиев мұның себебін анықтау үшін бір аптада сараптаманы жүргізуді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы Мақсот ЕСІМОВКЕ, бір  айда жөндеу жұмысын бітіруді облыстық құрылыс басқармасының бастығы Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВКЕ тапсырды.

Ал Доссордағы 250 орындық мектеп-интернат құрылысының сапасына әкім  Аджип ҚКО-ны кінәлап отыр, яғни  мердігерді таңдауда салғырттыққа жол берілген. Интернаттың жарығы үшінші қабатқа дейін жетіп, оның  бір жақ бөлігі пайдаланылудан қалған.

 

Шығындар өтелетін болды

Мамырдың басында болған қатты дауылдың салдарынан Индер ауданы 300 мың теңге зардап шекті.

Еске сала кетсек, Индер ауданында 2 мамырда оңтүстік, батыс бағытында жылдамдығы 20-24 сек. қатты жел соқққан еді. Оның салдарынан  Есбол селосындағы ұлттық гимназия, «Болашақ» балалар бақшасы, Ынтымақтағы мәдениет үйі, Индербордағы №8 лицей, Бөдене мен поселкедегі үйлердің төбе жабындылары сыпырылып, шығындар есептелінді. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВТІҢ мәлімдеуінше, қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүруде.

 

Мақатта мұғалім тапшы

Оқу жылы аяқтала бастағанымен Мақатта мұғалімдерге сұраныс сол күйінде қалып отыр. 

Мақат аудандық білім бөлімінің бас маманы Ақмарал БОРАНХАНОВА 14оқытушы жетіспейтінін мәлімдеді. Әсіресе, биология, дене тәрбиесі, математика, тарих пәндері бойынша мұғалім тапшы. Мамандардың жетіспеуінен 40 зейнеткер мұғалім өз жұмысын жалғастыруда. Жоғары оқу орындарымен байланыс жүргізгенімен Мақат ауданына ынта білдірушілер аз. Ал бірер жыл жұмыс жасағандар табысы көп мұнай саласына кетіп қалатын көрінеді.

 

Бруцеллез жойылмай тұр

Қызылқоға ауданында мал арасында бурецеллез қайта бас көтерді.

Күні бүгінде аудандағы 9758 ірі қара лабароториялық зертханадан тексеруден өткенде 176 бас малдан оң нәтижеге бейімділігі анықталып, 102 ірі қараны етке тапсыру жүзеге асыпты. Оң нәтиже берген малдар Миялы, Жасқайрат, Тасшағыл, Сағыз селоларындағы қасапханаға жөнелтілмек. Бұған мамандар қатты көңіл бөлуде, себебі тұрғындар малын етке өткізуге қарсы көрінеді.

 

Егіншілер іске кірісті

Қызылқоғалық егіншілер егін егу маусымын аяқтады.

Мәлім болғандай, «Жасқайрат» ЖШС500гектарарпа, 100гектартары, 1000 гектарға мақсары, «Сағыз» ЖШС 140 гектарға арпа, «Жігер» ШҚ 16 гектарға бау-бақша дәнін сеуіп үлгерді. Ойыл бойындағы округ тұрғындары да өр суын тиімді пайдаланып қалу үшін шама-шарқыларына қарай бау-бақша мен көкөніс дақылдарын егуде.

 

Нанның 72 түрі дайындалады

Мақат кентінде тәулігіне 3 мың дана нан дайындайтын комбинат іске қосылды.

Жеке кәсіпкер Қанат АЛДИЯРОВнаубайхана жұмысына  жергілікті тұрғындарды молдап тартып отыр.  Жаңадан іске қосылған наубайханада алдағы уақытта нанның 72 түрін дайындайды, деп жоспарлануда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 мамыр 2012, 19:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.