Атырау, 24 қараша 12:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көмекке Тимур командасы келе ме?

3 431 просмотра

Дәрігерлік-еңбек сараптама комиссиясының куәлік етуі және мүгедектік тобын алу – кемтар жандардың негізгі екі проблемасы болып отыр. Осы жайында 18 мамырда өткен облыстық мүгедектер қоғамының кезекті конференциясында айтылған еді.

- Бізге жазбаша шағымдар келіп түскен жоқ, бірақ ауызша арызданушылар көп. Адамдардың мүгедектік тобын медициналық комиссия «төмендетіп», дұрыс анықтамайды деп шағымданады. Мәселен, ІІ топ тиесілі адамға ІІI топ тағайындайды. Бұдан басқа, мүгедектікті анықтау мерзімін созып жібереді, - деп әңгімелеген облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Манап ӘБДРАХИМОВ өзімен тағдырлас жандардыөз құқықтарын белсенді қорғауға шақырды. Ол әсіресе, Мақаттағы жұмыстың қалай жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінгі күні ол жерде 707 мүгедек тұрады екен, оның 47-сі – І топ, 213-і – ІІ, 323-і – ІІІ, 124-і – 16 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі жандар. Аудандық филиал жетекшісі Сандуғаш НҰРБАЕВА жұмысты жолға қойыпты. Мүгедектерге шипайжайларға жолдамалар беріп, демалу үшін жағдай жасаған, ал кәсіпкерлер қаржы бөліп отырады.

Мемлекеттің көмегі жәрдемақылар төлеп, арнайы құралдар (арбалар, есту аппараттары және т.б.) берумен шектеледі. Олардың сапасы мүгедектердің көңілінен шыға бермейді. Сондықтан олар ірі мұнай мекемелерінен және жеке құрылымдардан жиі жәрдем сұрауға мәжбүр. Көмек сұраған хаттарға азғана бөлігі ғана жауап береді. Мүгедектер жалғызбасты және қартайған ғаріп жандарға қол ұшын беру үшін бір кездері болған «Тимур командасының» тәжірибесіне оралған жөн шығар деген ойда. Конференцияда олар білім беру бөлімдерінің басшылығына осы идеямен шығуды ұйғарды.

Мүгедектер өнерге орын болатындай толыққанды өмір сүрулері тиіс. Сондықтан жұмысқа орналасуға қатысты өзекті проблемамен қатар, олардың шығармашылық бастауларын қолдау қажеттіліктері туралы да айтылды. Бұл тұрғыда 2010 жылы Татьяна ЖАКУПОВАНЫҢ жетекшілігімен құрылған «Өмір гүлі» ансамблі жемісті еңбек етіп келеді. Бүгінде ол тек Атырауға ғана емес, елімізге танымал ұжым.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 мамыр 2012, 19:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.