Атырау, 27 желтоқсан 00:49
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қан қысымыңызды қадағалаңыз

2 864 просмотра

17 мамырда қаладағы бес нүктеде – автобекетте, үш базарда («Дина», «Насиха» және «Көктем») және «Атырау» сауда үйінде барлық тілек білдіруші адамдар өздерінің артериялық қысымын тексерді.

Бұл науқанның мақсаты - адамдардың өз денсаулықтарына назарын аудару және осылайша артериялық гипертония сырқатына шалдығу мен сол сырқаттан қайтыс болатындар санын азайту. Мұндай акция бүкіл ел бойынша өткізіліп тұрады. Атырауда бұл үшінші жыл өтіп отыр. Мұның нәтижелері көңіл көншітерліктей емес: орташа алғанда скринингтен өткендердің 30 пайызының қан қысымы жоғары, үштен бір бөлігі өз проблемалары туралы сол кезде білген. Атырауда, мысалы, 2011 жылы 2 157 адам тексеруден өтіп, 471 адам гипертонияға шалдыққан.

- Гипертонияның ІІІ дәрежесімен ауыратындар, яғни,сырқат өз нысанасын тауып, оған анық соққы берген кезеңде ғана ауруханаға жатқызылады, - деді ахуалды бейнелеп сипаттаған облыстық кардиоорталықтың бас дәрігері Марат ҚОНЫСОВ.

Ал егер теңеу сөзсіз айтар болсақ, бірнеше жыл бұрын біздің медицинамыздың бастапқы буынның, яғни, емханалардың рөлін көтеру және халық денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік бағытын ұстанғаны белгілі. Ал енді біздің денсаулығымызға тек медиктер күтім жасап қана қоймай, өзіміз көңіл бөлуіміз қажет. Осыған байланысты стационарға емделу оңай болмайды, сондықтан өзіңді ауруханаға жеткізбей, емханада емделу керек. Артериялық гипертензияның асқынуы өте қауіпті. Сондықтан ең қарапайым (олар ең сенімді деп есептеледі) тонометрді сатып алып,  қан қысымыңызды үнемі бақылап отырыңыз. Бүгінде ол мақта мен зеленка секілді кез-келген дәріханада болуы тиіс.

Зульфия ИСКАЛИЕВА, суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

23 мамыр 2012, 19:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.