AZATTYQ.ORG. «Мораторий жарияланған баптар өзгеріссіз қалды» - Ақпанның 21-інде Қазақстан парламентінің мәжілісі "Жер туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Екі жыл бұрынғы әлеуметтік толқудан кейін мораторий салынған "шетелдіктерге жер беру туралы" баптар өзгеріссіз қалды. Үкімет өкілдері мен депутаттар бұл мәселенің әлі талқыланатынын айтады.
«"Кремль тізіміне" іліккен олигархтардың жаңа тартысы» - Ресейдегі президент сайлауы қарсаңында "Норникель" компаниясы үшін жаңа тартыс басталғандай. Бұл тартыста Путин кімді жақтайды? Дерипаска өз компанияларының башылығынан неге кетті? "Кремль тізімі" ресейлік олигархтардың өмірінің ойранын шығаруы мүмкін бе? Азаттықтың Орыс қызметі қаржыгер Слава Рабинович пен экономист Сергей Алексашенкомен сұхбатта осы жайттарды талқылады.
«Қауіпсіздік қызметі кураторларын мешіттерден аластай ма?» - Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік органы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы мен Ташкенттегі мешіттерден кураторларын кері шақыртып алғаны туралы хабар тарады. Өткен айда президент Шавкат Мирзияев қауіпсіздік қызметінің жұмысын қатты сынағаннан кейін бұл органды ұзақ жылдар басқарған Рустам Иноятов отставкаға кеткен болатын.
QAMSHY.KZ. «Тергеу абақтысындағы сұмдық пен шындық» - Қазақстандағы құқық қорғау органдарының іс жүргізу мен тергеу әдістеріне көп сын айтылады. Лауазымын асыра пайдаланғандар жұмыстан қуылса, олардың орнын басқандар дәл сондай қылмыспен қайта ұсталып жатады. Qamshy.kz ақпарат агенттігі осы мәселеге байланысты ҚР Прокуратурасына ресми сауал жолдаған еді.
«Сынды ұнатпайтын адам шындықты ұнатпайды» - Қуанышымда шек жоқ! Бүгінгі қазақ әдебиетінің, әсіресе, поэзияның жай-жапсары, пікірталастар, көзқарастар әртүрлілігі, нақты әдеби сынның жоқтығы, «Алаш», Мемлекеттік сыйлық дегендердің кейде бармақ басты, көз қыстылықпен берілетіні сияқты көкейкесті мәселелердің жалғыз әдеби газетіміз «Қазақ әдебиетінде» де көтерілмек түгіл сыңар ауыз сөз айтылмағанына 23 жылдың жүзі болып еді.
ABAI.KZ. «”Мен де талантпын” деп айтайын десем, Абайдан ұялам..» - Не актриса болып роль ойнамаған, не әнші болып ән айтпаған, репертуарындағы ән саны алтыға жетпейтін бір қыздың «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ алғанын естігенде жағамды ұстадым. Не үшін алды екен? Білмедім... Білгім де келмейді...
«Ақорда жақтағы ауыс-түйіс» - Ақорда ауласындағы аз-кем ауыс-түйіс жайлы ақпарат бөліспекпіз. Енді рет-ретімен баяндайық.
365INFO.KZ. «Мен бәрін білем» - Мұхтар Тайжан қытайға тиген қазақ қыздары туралы айтты. Біраз жер Қытайға кетіп қалды, 5 мыңдай қытай Қазақстан азаматтығын алыпты, қазақ қыздары Қытай жігіттеріне тұрмысқа шығып жатыр деген ел арасында өріп жүрген сыбыс бар.
«Депутат қой, мойындамайды» - Блогер Бекболат Тілеуханның ұрлығын ашты.Иә, танымал блогер Айгүл Орынбек Бекболатқа сұрақты тура осылай төтесінен қойыпты. Бекболат аға ұрлық жасағаныңыз рас па? «Рас болса ел алдында кешірім сұрап, əуенді өз иесіне қайтарып беріңіз. Шабыт өнер адамына оңай келмейді. Бір туындыны шығаруға қаншама күндер мен түндер кетеді. Оны ұрлап иеленіп алу, бұл адамның дүниеге əкелген ұрпағын өлтіргенмен теңдей!
«Bloomberg не дейді? Шаяхметова кімді құтқарыпты» - Естеріңізде болса, Қазақстан банктерін құтқару жөніндегі тарихи операция осыдан 10 жыл басталған еді. Алайда ол тек ел басшылығының Ұлттық қордағы қаржыны пайдалану туралы шешімінің арқасында мүмкін болды. Десек те, Ұлттық банк мәліметтері бұл процесстің әлі аяқтала қоймағанын айқындайды.