Атырау облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға алты кәсіпкердің өтініші ие болды.
Аймақтық үйлестіру кеңесі «KUAN TRANS LOGISTICS» ЖШС-нің сомасы 57,3 млн теңге болатын жобасын қолдады. ЖШС көлік қызметін көрсетумен айналысады және «Hyundai» маркалы 3 автобус сатып алмақшы. Жобаны Атырау облысындағы Қазақстан Халық банкі жылдық 14% сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландырмақ. Мемлекет субсидиясы бұл қаржының 7% -ын құраса, ал, қалған 7% -ын кәсіпорын өзі төлейді.
Жеке кәсіпкер «Тастемірова С.Е.» қонақ үй кешенін салуды жоспарлап отыр. 148 млн теңге болатын жобаны «Ресей жинақ банкі» ЕБ АҚ филиалы қаржыландыратын болады. Сыйақы мөлшерлемесі мен банк талаптары жоғарыдағыдай болмақ. ЖК «Ұзақбаев Ж.И.» негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу үшін субсидия алып отыр. Оны «Еуроазиялық банк» АҚ филиалы жылдық 12,5% мөлшерлемесімен 7 млн теңге сомасымен қаржыландырады. Мемлекет бұл соманың 7%-ынтөлесе, қалған 5,5%-ын кәсіпкер төлейтін болады. ЖК «Сәлімгереев К.Б.» жиһаз шығаратын цехы үшін негізгі жабдықтарға 30,8 млн теңге ақшаны «Еуразиялық банк» АҚ-нан алады.
«Жасқайрат» ЖШС-не мақсары майын шығаратын шағын зауыт үшін негізгі жабдықтарды сатып алуға қажетті ақша керек. Оған «АТФ банкі» АҚ филиалы қолдау танытуда. Банк жылдық 11,99% мөлшерлемемен 160 млн теңге қаржы бөлмек.
«Тимберланд» ЖШС көлік қызметін көрсетумен айналысады, олар «Hyundai» маркалы 1 және «Toyota Hiаce» маркалы 2 автобус сатып алуды көздеп отыр. Жобаны Атырау облысындағы «Альянс Банк» АҚ филиалы қаржыландыратын болады. Банк жоба үшін 130 млн теңге бермекші.
Зульфия ИСКАЛИЕВА