Атырау, 28 қараша 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түнде атылған оқ

3 765 просмотра

18 мамырға қараған түні Азаттық даңғылындағы №127 үйдің тұрғындарын көшеде атылған оқтың дауысы ұйқыларынан оятты.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, патрульдік-қосын қызметінің жасағы Восток ауданында тексеру жүргізген кезінде төрт арақ ішкен адамды байқап қалады. Олар полицейлерді көріп, өтіп бара жатқан «Нива» автокөлігіне мініп, көзден таса болған. Түнгі патруль шақырған мобильдік топ көліктің ізіне түсті. Бірнеше рет ескерту ретінде ауаға атылған оқтан кейін «Нива» «Шалқыма»  маңына тоқтаған. Көлік жолаушылары ұсталды. Олар Мақат ауданының Ескене поселкесінің 1991 және 1992 жылы туған тұрғындары болып шықты. Оларды құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 мамыр 2012, 18:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.