Атырау, 24 қараша 12:30
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әшекейлер әлегі-2

3 132 просмотра

«Мұнайшы» спорт кешеніндегі павильоннан ұрланған ресейлік алтындарға қатысты даулы жанжалдың нүктесі қойылды.

ҒАСЫР ҰРЛЫҒЫ

Естеріңізге салсақ, ақпанның ортасында Атырауда бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдардың сауда-көрмесі өткен еді. Келесі күні көрме павильонының есігін бұзып кетіпті. Ресейлік бизнесмендер өз топтамаларынан құны жарты миллион доллар болатын көптеген құнды жәдігерлерді таба алмай қалды. ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері іске кірісіп, келесі күні тонаушыларды ұстаған болатын (“ЖС” “Әшекейлер әлегі” 23 ақпан 2012 жыл №8 санын қараңыз).

Екі күдікті (оның бірі спорткешенінде күзетші боп жұмыс істеген) ұрланған заттардың бір бөлігін сатып үлгерген, кейбірін ломбардқа тапсырып, тағы бір нәрселерді сыйлыққа беріп, қалғанын жасырып қойған. Мұның бәрін полицейлер тауып алып, қожайындарына қайтарды. Бұл іске нүкте қоюға болар еді, бірақ бизнесмендер топтамаларына бұйымдарының бәрі бірдей қайтарылмағанын анықтады.

 

ЛАҒЫЛ ТАСТЫ СЫРҒА ҚАЙДА?

Көрмеге қатысушы Анастасия КОЛДУНОВА деген бір әйел тіпті полицияға осы істі анықтау өтінішімен арыз да берген. Оның талабының төркіні мынада: заттарды тану кезінде ол барлығы 300 мың доллар болатын лағыл тасты сырға мен кейбір басқа бағалы бұйымдарын көрген екен. Олар иесіне оған қайтарылмаған.

Әлгі әйелді қолдаған өзін «Нұр Отан» партиясының жастар қанатының атқарушы хатшысының кеңесшісі Шыңғыс ЖАҒЫПАРОВПЫН деп таныстырған көрмені ұйымдастырушы да полицейлер тарапына өткір айыптау сөздерін айтты. Олар да қарап қалмады, тапқан нәрселерді қайтардық деп, оған қоса, қаншама рет сұраса да, тергеу ісіне ұрланған бұйымдар мен әшекейлердің қайдан шыққандығын растайтын сертификаттардың тізімін жапа шегушілердің ұсынбағанын естеріне салды. Неліктен екені белгісіз, осы сөздерден кейін бизнесмендер басылып қалды да, содан кейін бұл туралы сөз қозғалған жоқ.

 

КІМСІЗ СІЗ, ШЫҢҒЫС ЖАҒЫПАРОВ?

Алайда көрме ұйымдастырушы алған бетінен қайтпады. Полицейлерден тойтарыс алған ол тонауға «Мұнайшы» спорт кешенінің директоры Жексенбай ҚҰСАЙНОВТЫҢ қатысы болуы мүмкін деген күдігін айтты. Біз осы жайт туралы жазған едік. Жергілікті «Жас Отан» өкілдері атынан Атырау облысы бойынша «Жас Отанның» атқарушы хатшысы Мейірім ҚАЛАУИ:

- Жастар ұйымының көрмеге қатысы жоқ. Ол бұл жерге «Жас Отан» өкілі емес, кәсіпкер ретінде келіп отыр. Оның мұны не үшін айтқанын түсінбедім, - деп, өздерінің астаналық «әріптестерін» маңдарына жуытпады.

Біз де түсінбедік. Комментарий алу үшін жас жігітті таппақ болғанымызда, оның ешқандай да кеңесші болмағанын анықтадық. Астанадағы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Анатолий ДОБРОВОЛЬСКИЙДІҢ айтуынша, ол Шыңғыс Жағыпаров есімді адамды білмейді екен:

- Біз оны дерекқордан іздестіріп, біздің қызметкер ретінде тануы мүмкін дегендердің бәріне суретін көрсеттік. Ондай адам жоқ, болған да емес.

Кейінірек редакцияға “Жас Отан” жастар қанаты атқарушы хатшысы Нұрлан ӨТЕШОВ  қол қойған анықтама келіп түсті. Онда Шыңғыс Жағыпаровтың атқарушы хатшының қоғамдық кеңесшісі қызметін атқаратыны жазылған.

Түсініксіз шатасулар...

Жағыпаровтың осы көрмемен Қазақстанның көптеген қалаларын аралап шыққаны белгілі болды. Қыста Атырауда болған көрме «Қысқы сыйлық» деп аталса, наурызда Астанада өткен көрменің атауын «8 наурызға сыйлықтар» деп өзгертіпті. Ал таяу арада Қарағандыда осы көрмені «Ғажайып Үндістан» деп атаған.

 

«КЕШІРІҢІЗ, ЖӘКЕ»

Брифингке қайта оралайық. Спорт кешені директорының тарапына айтылған аңғал айыптаулар Шыңғыс Жағыпаровтың жүйкесін әжептәуір жұқартты:  брифингтен кейін оған сотқа шақырту қағазы келді. Жексенбай Құсайынов қалай болғанда да, өз ар-намысына нұқсан келтіргені үшін жас жігітті жазалауды ұйғарды. Моралдық зиян 5 миллион теңгеге бағаланды.

Сот Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында өтті. Іс барысында тараптар бейбіт келісімге келіп, жәбірлеуші жұрт алдында сөзін кері алып, өкінетіндігін білдірді.

Бізге ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта алтын ұрлады деп айыпталған екі тұлғаға қатысты сот әлі аяқталмаған.

Ресейлік бизнесмендердің жұртшылық алдында талап еткен ақшалары да, алтындары да (лағыл тасты сырғалары мен басқалары) қайтарылған жоқ.

Анастасия ПАСТУХОВА

23 мамыр 2012, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.