Атырау, 5 қазан 11:25
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Семіздік сыннан сүріндірер

2 620 просмотра

14 - 18 мамыр аралығында облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері қару атудан оқу-жаттығу өткізді.  Олар осылайша кезектен тыс өтетін аттестациялауға дайындалуда.

Кеден органдарындағы аттестациялау құқық қорғау блогы бөлімшелеріндегі  лауазымды тұлғаларға  қатысты, олар: контрабандамен күрес жөніндегі, ішкі қауіпсіздік және жедел-кезекшілік  қызмет.

Кеденнен айырмашылығы, жол полициясы басқармасында аттестациялаудан барлық қызметкерлер өтетін болады. Бұл туралы бізге ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІ хабарлады.  

- Штаттық кестеге сәйкес, басқармада 222 қызметкер қарастырылды. Бүгінгі күні 9 бос жұмыс орны бар. Алты  адамды біз таяу күндерде қабылдамақпыз. Басқарма және бөлім басшылары аттестациядан мамыр-маусым айларында, ал, қалған қызметкерлер жыл аяғына дейін өтуге тиісті, - деп атап өтті Б.Амангелді.

Айтпақшы, артық салмақты жол полициясының қызметкерлері аттестациядан өте ала ма деген сауалды біз жақында ғана Атырауда болған ІІМ жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары Николай КАЛАШНИКОВКЕ қойдық.

- Алда болатын аттестация туралы жыл басынан бері белгілі болды. Сондықтан да қызметкерлердің оған дайындалуға, оның ішінде өздерінің сырт келбетін қалыпқа келтіруге уақыттары жеткілікті еді. Ал, егер қызметкер артық салмақты болып, оның үстіне нормативтік талаптарды тапсыра алмаса, онда аттестациялаудан өтпеген болып есептеледі.

Алайда олар тапсыратын тестілер оңай емес. Егер сіз жуан қарынды, 40-тар шамасындағы полицейді көрсеңіз, онда оның кем дегенде дем алмастан 10 рет қолмен жер тіреп жаттығу жасау (отжимания), тағы да 10 рет қолмен жер тіреп жатқан күйде, аяғын жинап, жартылай отыру, одан соң 10 рет жоғарыға секіріп, тағы да шалқая жатып 10 рет іштің бұлшық еттерін жиыру жаттығуын жасау және оны қайталауы керек екенін біліңіз. Сондай-ақ, ол 100 және 1 000 метр қашықтыққа жылдам жүгіре білуі керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 мамыр 2012, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.