Атырау, 19 желтоқсан 09:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Байлардың салығын көбейтіп, кедейлердікін азайту керек пе?», «Мирзияевтың тағдыры не болмақ?», «Белгілі кәсіпкер депутаттардың масқарасын шығарды», «Қазақстанда ұсталған қырғыз депутатының «Қорғас» кеден бекетіне қандай қатысы бар?».

2 661 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Әйелі Шыңжаңда қамалған қазақстандық көмек сұрайды» Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайда ұсталған қазақстандық азаматтардың мәселесімен айналысып жатқанын айтты. Сарапшылар Қытайдың адам құқықтары туралы халықаралық шарттарды орындайтынына күмәнді.

«Галышева: "Канада мен Ресей азаматтық ұсынған"» - Пхенчханда фристайлдың могул түрінен әйелдер арасындағы жарыста қола медаль алған қазақстандық спортшы Азаттық тілшісіне сұхбат берді.

«Мұнайшылар жалақының толық есептелмегеніне наразы» - Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company мекемесінде жүріп жатқан 5/50 «жұмсақ оңтайландыру» бағдарламасы мұнайшылар арасында наразылық тудырып отыр. Жұмыстан кеткен мұнайшылар жалақыларының дұрыс есептелмегеніне шағымданады. Компания директоры жалақының заңға сәйкес келсе ғана төленетінін айтады.

«Ресейдің сайлауға килігуін дәлелдейтін айғақтар» - Кремльге жақын адамдар Америкадағы соңғы президент сайлауы процесіне киліккен деген күдік расталды. Америкалық комментаторлардың Кремльге жақын адамның ақшасына интернет-кеңістікте жүргізілген ауқымды үгіт-насихат кампаниясы сипатталған айыптау құжаты жарияланғаннан кейінгі негізгі тұжырымы осындай.

RATEL.KZ. «МС Сайлаубек еңген тест оқулығы мектеп бағдарламасында жоқ» - Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсушілерге арналған тест тапсырмалары жинағының авторы Серікболсын Дүйсембай Facebook әлеуметтік желісінде көпшіліктен кешірім сұрады.

365INFO.KZ. «Байлардың салығын көбейтіп, кедейлердікін азайту керек пе?» - Салықтың осындай прогрессивті ставкасы экономика үшін де, әлеуметтік сала үшін де өте жақсы. Теорияда. Десек те, Қазақстандағы шынайы өмір бұл қағиданы жоққа шығаратын сыңайлы. 

«Белгілі кәсіпкер депутаттардың масқарасын шығарды» - Министрлер Парламент алдына келіп шатып-бұтып кете барады.  Шетелдік термині бар, түрлі статистикасы бар, ол есепті халық түгілі сол арада отырған депутаттардың басым бөлігі де түсінбейді.

«Қазақстанды «Батыс ажалы» жағалап жүр…» - Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғам – түрлі былыққа толы. Етіміз өліп кетті. «Біреу-біреуді болымсыз дүние үшін өлтіріпті, анау шенеунік жемқорлықпен ұсталыпты, ана қаладан жезөкшелер ұясы табылыпты, жеңілтек қыз жаңа туған нәрестесін қоқысқа тастап кетіпті», деген тәріздес сыбыстарға «е» деп қоя салатын деңгейге жеттік.

«Ұлын жерлеген әкенің жанайқайы: “Көр сататындардан көрмегенім жоқ!”» - Туған-туысын соңғы сапарға лайықты шығарып салуды өзінің ең үлкен міндеті санайтын халықтың баласымыз ғой. Оның үстіне, «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген атадан қалған қағида тағы бар.

«Мирзияевтың тағдыры не болмақ?» - Өзбекстан бұрынғы жүйеге қайта орала ма?  Кәрімовтың дәуірін көксейтіндер өткен кезеңді қайтаруға тырысып жатқаны рас па?

INFORMBURO.KZ. «Қиырдағы қазақтар. Тағдыр талқысында» - 15 ақпанда "Қиырдағы қазақтар" деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Жоба демеушісі – кәсіпкер Оралбек Ботбай. Оның бірінші бөлімі Моңғолия қазақтарына арналған.

QAZAQTIMES.COM. «Қазақстанда ұсталған қырғыз депутатының «Қорғас» кеден бекетіне қандай қатысы бар?» - Ақпан айының 16-сы күні БАҚ беттерінде Қазақстан аумағында жүргізілген арнайы операция барысында Қырғыз Республикасының 3 бірдей азаматының ұсталғандығы жөнінде ақпарат тарады. Қазақстан құзырлы органдары қамауға алған Қырғызстан азаматтары кімдер? Олар ел аумағына қандай мақсатпен келген? Қырғыз шенеунігінің "Қорғас" кеден бекетіне қандай қатысы бар? 

DALANEWS.KZ.  «Өзбекстанда өскен қазақ: “Кәрімов “көпұлтты ел” дегенді айтқызбады”» - Ислам Каримов тікелей эфирден былай деді: «Бұдан былай біз ұлттық мемлекет құрамыз, сондықтан кімде-кім өзбек тілінде сөйлеп, өзбек ұлтын жақсы көретін болса, Отанымыздың дамуына өз үлесін қосқысы келсе мархабат. Ал егерде ондай ойы жоқ болса, әзірге шекарамыз ашық, қалаған жақтарыңызға кетуге болады. Бірақ, кейінірек шекара жабылады кету қиынға соғады» деді.


20 ақпан 2018, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.