16-18 мамыр аралығында облыстың жол полицейлері жолаушылар көлігіндегі тасымалдау тәртібінің бұзылуын болдырмау мақсатында рейд жүргізді.
АЙЫППҰЛДАН АЙЫЛДАРЫН ЖИМАЙДЫ
Рейдтің алғашқы күнін жол полицейлері қала мектептерінде жол ережесінің тәртібі туралы лекциядан бастады. Бұл жазғы каникулдың басталуымен байланысты жүзеге асырылды. Атырау жүргізушілері аса ұната қоймайтын рейд 16-сы күні кешке қарай басталды. Қарбалас уақытта бірнеше патрульдік машина «Шалқыма» сауда үйі маңында Азаттық даңғылының бойына тұрып алды. Инспекторлар «Газельдерді» бірінен соң бірін тоқтата бастады. Олардың барлығы бірдей жолаушыларға лық толы болды. Инспекторлар хаттама толтырып үлгермеді. Әкімшілік тәртіп бұзушылық Кодексінің 463-бабының 1 тармағына сәйкес, барлық жүргізушілерді 8 090 теңге көлемінде айыппұл төлеу күтіп тұр. №57 маршруттың жүргізушісі былай деп ақталды:
- Сонда қалай, оларды мен итеріп шығаруға тиістімін бе? Өздері ентелеп мінеді, мен оларға ескерткенмін...
ЖПБ жол-патрульдік қызметінің бөлім бастығы Талғат МАРДЕНОВТІҢайтуынша, тәртіп бұзушылар айыппұлдан қорыққанымен, одан олар айылдарын жиятын емес, кейін оның орнын толтырып аламыз деп өздерін сендіреді. Оның айтуынша, «Газельдерді» жалпы жолаушылар маршрутында қолдануға тыйым салатын уақыт келді, оның үстіне қазір қолданыста жүрген арзан қытайлық және корейлік автобустар жетерлік.
ШАМАДАН ТЫС ТИЕУ
Одан әрі рейдке қатысушылар телемұнара ауданындағы №15 жол полициясы қосынына бет алды: ол жерде Өзбекстаннан транзитпен Ресейге бағыт алған екі жеңіл Дэу-Нексия көлігі ұсталды. Екі жеңіл көлікте де бес-бес жолаушыдан отырған. Хорезмнен келген Алланазар есімді жүргізуші бұған қатысты ойдан шығарған өтірігін полицейлерге баяндады, бірақ оған сенген полицей болмады:
- Бізде үш Нексия машинасы болды, алайда, Бейнеуде бір машинамыз сынып қалып, оның жолаушыларына қалған екеуіне бөлініп отыруға тура келді. Біздің бұдан басқа амалымыз болмады...
Алланазар өтірігін әзірге баяндағанша, оның бірнеше жолдастары бөлектеніп, баяу ғана біршама жерге дейін ұзап кеткен, бірақ, олар өз орындарына қайта келді.
Жол полициясы батальонының командирі Серік ҒАЙНЕДЕНОВТІҢ айтуынша, Атырау-Құлсары тасжолында Өзбекстаннан келетін автобустар мен жеңіл көліктерде жолаушылар саны үнемі нормадан жоғары болып отырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Автобус» операциясының қорытындысы бойынша: қоғамдық көлікте жолаушылар тасымалдау ережесін бұзған 600 факті тіркелді (жүргізушілерде жол бетшесі, дәрігерлік қорытынды жоқ болып шықты, артық адам алу және т.б.), маршруттардың 178 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2 жүргізуші мас күйінде автобус жүргізгені үшін жүргізушілік құқығынан айырылды.
Жөнделмеген көліктерді пайдалануға рұқсат берген үшін 7 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ, суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ