Атырауда енді жол полициясы автокөліктеріне арналған бейнетіркеушілер қолданысқа енгізіледі.
- Арнаулы құрал-жабдық жолдағы және патрульдік машинаның ішіндегі болып жатқан барлық жағдайды тіркеп отыратын болады. Түсірілім үздіксіз жүргізіледі және қажет болған немесе даулы жағдайлар орын алған кезде азаматтар электронды таратушыға жазылған ақпарат-жазбаны сұратып ала алады, - дейді ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІ. – Бүгінгі күні 25 автокөлікке жабдықтар алынып жатыр, олардың әрқайсысы бюджетке шамамен 1 млн теңгеге шықты. Жыл аяғына дейін барлық патрульдік машиналарды қамту жоспарланып отыр. Жол полициясының автопаркінде 44 бірлік машина бар деп есептеп отыр, оның ішінде 2 «Газель» және 4 мотоцикл бар.
Әділдік бағасы аз-мұз ұялтады. Әрине, бейнетіркеушілер жеткізушілер түріне, ықшамдылық форматына, каналдардың санына, жазба сапасына қарай ерекшеленеді. Алайда, мен интернеттен іздеп тапқан ең қымбат түрі 244 мың теңге тұрады. Ол 16 каналды желілі бейнетіркеуші (NVR). Ал, ең қарапайымы 7 мың теңге. Бәлкім, әңгіме әлдебір озық кәсіби жабдықтар туралы болар? Алайда, полицейлер құрал-жабдықтың техникалық сипаттамасын және өндіруші-фирманы атауға қиналып отыр, өйткені, бұл жабдықтарды сатып алумен олар айналыспаған екен.
- Біз үшін бастысы –сапа. Ал, сипаттамасына келетін болсақ, алдымен жабдықтар қолымызға тисін, сол кезде көреміз, - дейді Б.Амангелді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА