2018 жылы Атырау облысының бірқатар елді мекендерінде коммуналдық қызмет тарифтері көтерілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде хабарлады.
Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылында таратушы желілер мен магистральды құбырлар арқылы су жеткізу тарифі (монополист – «Есенаманова Е.У.» ЖК) көтерілді. Тұрғындар үшін ол 97-ден 201 теңге/м3 дейін, бюджеттік ұйымдар үшін - 100-ден 412-ге дейін, заңды тұлғалар үшін - 383,22-ден 412-ге дейін өсті. Жаңа тариф 2018 жылдың наурызынан бастап күшіне енеді.
Сондай-ақ, 1 наурыздан бастап, Жылыой ауданының Қосшағыл ауылындағы тұтынушылар үшін (монополист – «Жылыой Тазалық» ЖШС) су бағасы 190,60-тан 191,95-ке дейін көтеріледі.
Құлсары қаласына «Жылыой су» МКК жеткізетін су тұрғындар үшін 150,14-тен 157,71-ге дейін, бюджеттік мекемелер мен заңды тұлғалар үшін 342,90-нан 349,7-ге дейін қымбаттады. Құлсары маңында орналасқан Жаңа Қаратон поселкесінде су бағасы екі есеге дерлік – 64-тен 120,1 теңге/м3ге дейін өсті.
«Атырау Су Арнасы» КМК тұтынушылары үшін (Атырау қаласы мен Мақат поселкесі) тариф өзгеріссіз қалады: тұрғындар үшін 101,33, басқа тұтынушылар үшін – 316,72 теңге/м3.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Атырау облысындағы энергетикалық монополистер үштігінде де тарифтер көтерілді. «АЖЭО» АҚ-да жылу есептегіштері бар тұрғындарға бір гигакаллория үшін 3752,97-ден 4181,64 теңгеге дейін; есептегіштері жоқ тұрғындарға - 126,47-ден 128,24 теңге/шаршы метрге дейін; тозығы жеткен, апатты үйлерде, барак типті үйлерде тұратын тұтынушылар үшін - 105,39-дан 106,87 теңге/шаршы метрге дейін көтерілді. «Атырау Жарық» АҚ-ның электр энергиясын беру және тарату бойынша тарифі бір тиынға - 4,83-тен 4,84 теңге/кВтс-қа өсті. «Атырау жылу жүйелері» АҚ-да өсім 10 теңге – бір Гкал үшін 4648 теңгеден 4658,43 теңгеге дейін.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ