Атырау, 24 қараша 12:34
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаза емес – кешірім!

2 321 просмотра

Атырау облыстық прокуратурасы іздестіріліп жатқан азаматтардан ерікті түрде және шұғыл арада прокуратураға айыптарын мойындап, хабарласуды сұрайды.

Атырау облыстық прокуратурасының жедел-іздестіру қызметін қадағалау басқармасының бастығы Нариман ИШМАНОВТЫҢ (суретте) айтуынша, қазір 22 адамға іздеу жарияланған. Бұл азаматтардың барлығы да ҚР Қылмыстық Кодексінің 175-бабында (Ұрлық), 257-бабында (Бұзақылық) және 183-бабында (Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату) қарастырылған қылмыстарды жасады деген күдік бойынша іздестірілуде. Осы 22 адамнан басқа, ұрлық жасады деп айыпталған тағы 4 адам рақымшылыққа ұшыраған.

Прокурор түсіндіргендей, Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздігіне орай жарияланған рақымшылыққа байланысты онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы қылмыстық iстер және сотта қаралмаған істер қысқартуға жатады.

– Бірақ тағы да нақтылап айтамын, олар кінәларын мойындап келулері керек, - деп ескертті прокурор. – Бұл олардың келісімімен рақымшылық заңнамасын  қолданып, жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруды тоқтатуға мүмкіндік береді. Егер олар қауіптенсе, туыстары келсін, біз оларға түсіндіреміз.

Айтпақшы, іздестіріліп жатқан тұлғалардың ішінде рақымшылыққа ұшырағандар тізімінде 2010 жылыУГ157/10 мекемесінен қашып кеткен танымал молдавиялық бизнесмен Сергей КОРНЕГРУЦА да бар.

Біз сондай-ақ, өзінше билік еткені үшін 4 жылға сотталған Атырау қаласының бұрынғы әкімі Сәлімжан НАҚПАЕВТЫҢ да тағдыры туралы білгіміз келді

- Ол рақымшылыққа ілікпейді, өйткені оған іздеу жарияланған жоқ, - деп мәлімдеді Н. Ишманов.

Сәния ТОЙКЕН, суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ.

23 мамыр 2012, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.