Атырау, 19 желтоқсан 08:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Жемқорлықты жеткізушіге екі түрлі көзқарас», «Әбілқасымованың ӘМИЯН жоспары», «Сағадиев мырза, шкаф қайда?», «Үкімет ұстаздың айлығын неге дұрыс есептей алмайды?», «Путин Сириядағы жағдайды бақылауынан шығарып алды».

2 800 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Жемқорлықты жеткізушіге екі түрлі көзқарас» - Жемқорлық туралы хабарлаған адам қоғамда өзін айыптаушылар көбейгенін айтады. Кей сарапшылар жемқорлық тамырын қию үшін жүйені өзгерту керек деп санайды. Коррупциямен күресуші орган өкілі "жемқорлық жайлы хабарлағандарға 2017 жылы 26 миллион теңге сыйақы берілді" дейді.

«Путин Сириядағы жағдайды бақылауынан шығарып алды» - Сейсенбіде Пентагон өкілі коалиция күштерінің Сирияның Дейр-эз-Заур (Дейр-эз-Зор деп те жазылады - ред.) провинциясында үкіметті қолдайтын қарулы жасаққа әуеден берген соққысы өзін-өзі қорғау актісі болатын деп мәлімдеді. 

ZHASALASH.KZ. «Әбілқасымованың ӘМИЯН жоспары» - Міндетті медициналық сақтандыру туралы сөз қозғалғанға дейін өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесіне мойын бұрмаған үкімет енді олардың мәселесін шешуге белсене кіріспек. Өткенде президентті «шаршап қалған» еңбек және әлеуметтік қорғау министрін ауыстыруға мәжбүр еткен мәселелердің бірі осы еді. Бірақ Тамара Дүйсенованың орнын басқан су жаңа министр Мәдина Әбілқасымова өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың бәрін тіркеуден өткізіп, салық және зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттемек.

«Сағадиев мырза, шкаф қайда?» - Өзге жұрт мына тұрған Айды қойып, Марсқа құшақ ашып, небір ғажайып технологиялардың сырына сүңгіп жатса да, біздің қоғамда  ғасыр бойы өзгеріске түспейтін дүние жетерлік. Соның бірі – мемлекеттік мекемелердің есеп беру жиындары мен алқа отырыстары. Әлі сол қалпы: қойша иіру, сағаттап күткен адамдар, көпірме баяндамалар, шынайы өмірмен үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын бұрма деректер, бірен-саран жарқылдақ экрандар мен көшпелі көрмелер, тағысын тағылар…

«”Болашақтан” келген Көлгінов көш соңында жүр» - Жыл бойы жарнамасы асып, көш бастап жүргендей көрінетін кейбір басшылардың тірлігі қорытынды деректе шаршап қалғандай көрінеді. Жасыратыны жоқ, қазіргі билікте «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келгендердің айы оңынан туып тұр. Егер бір лауазымды орынға талас бола қалса, көп кадрдың ішінен шетел көрген, шетелдің білімін алған жастардың жолы болып, таңдау соған түсетіні анық.

«Үкімет ұстаздың айлығын неге дұрыс есептей алмайды?» - Қазақстанда ешқандай ғылыми және экономикалық негізі жоқ «базалық жалақы» деген түсінікпен 2008 жылдан бастап ұстаздардың еңбекақысы 17 697 теңгемен күні бүгінге дейін есептеліп келеді. Ешбір дамыған мемлекетте мұндай есептеу жүйесі жоқ екенін және осы жүйенің өзіне де 10 жыл толғанын неге үкімет ескермей отырғанына таңғаласың. Ал президент жолдауында мұғалімдердің айлығын біліктілігіне қарай 50- 30 пайызға көбейту айтылды. Енді осы үстеме қосымша ақы қалай төленбек?

TURKYSTAN.KZ. «Сенатор: мектепте смартфон пайдалануға тыйым салу керек» - Мемлекеттік органдар секілді, мектептерде де видеокамерасы бар, интернетке қосылған телефондарға тыйым салу керек. Мұғалімдердің мәртебесі туралы Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева ҚР Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолдады. 

SERKE.ORG. «Ерғалиева ерлі-зайыпты Жақияновтардың арасын мұхитпен бөлмекші» - «Свобода слова» газетінің бұрынғы басшысы, журналист  Гүлжан Ерғалиева  өзінің бір кездері досы әрі сырлас құрбысы болған Қарлығаш Жақиянованың қарызы үшін оның күйеуін - Ғалымжан Жақияновты жауапкер етпекші. Екі жылдан бері ойынан кетпей жүрген осы мақсатқа жету үшін журналист Жоғарғы сотқа дейін шағымданып қуынып барыпты. Нәтижесінде Г.Ерғалиеваның арызы  Алматы қалалық сотында қайта қаралайын деп жатыр. Арызда бұрынғы сот шешімі бойынша Қарлығаш Жақиянованың Г.Ерғалиеваға төлеуге тиіс 1 млн доллар қарызын өтеуге Ғалымжан Жақияновты да тартып жауапкер етумен қатар, соңғы жылдарда болған девальвацияға сәйкес (теңгенің құнсыздануы) қарыз сомасын қайта есептеп, борышкердің бұрынғы қарызына тағы да 53 млн теңге қосу мәселесі айтылған.

«Қаржы полициясы ерлі-зайыпты Храпуновтарды тергеуге шақырды» - Бірнеше қылмыс бойынша күдікке ілінген, қазір  Швейцарияда тұратын Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның әйелі Ләйлә Храпунова және олардың сыбайласы Айяр Ілиясовты Қазақстанның коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (қаржы полициясы) тергеуге шақырды.

QAZAQTIMES.COM. «Қытайдағы қазақтардың қысым көріп жатқаны расталды, Қазақстан Қытайға ресми нота тапсырды» - Қазақстан Қытайға ресми нота тапсырды. Бұл туралы кеше ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов тілшілердің сұрауына жауап берген кезде мәлімдеді. 

RATEL.KZ. «Қытайды бағындырған жалғыз Димаш емес» - Былтыр 2017 жылдың көктемінде қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайда "I Am a Singer" ән байқауында екінші орын алып, аспан асты елінде даңқы шықты. 


16 ақпан 2018, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.