Келесі жылы ІІМ құрылымында жаңа лауазым – «әмбебап» полицей пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Атырауда болған ҚР ІІМ жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары Николай КАЛАШНИКОВ (суретте) әңгімеледі.
1 сәуірде Павлодар облысында жол полициясы мен патрульдік қызметті біріктіру бойынша тәжірибе басталды. Онда әмбебап полицейге тек жол полициясының міндеті ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау міндеті де жүктелген. Тәжірибені аяқтау келесі жылдың 1 сәуіріне жоспарланып отыр. Сол кезде бүкіл еліміз бойынша әмбебап полицейлер институтын енгізу қажет пе жоқ па, сол мәселе шешілетін болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА