Мамыр айында Атырау облысының прокуратура органдарының жеке құрамын аттестациялау басталды. Жыл аяғына дейін одан 139 қызметкер өтуге тиісті.
Брифингте облыс прокурорының кадрлармен жұмыс жөніндегі аға көмекшісі Бауыржан МОЛДАҒАЛИЕВ былай деп хабарлады, бұл шара ҚР президентінің «ҚР құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестациялаудан өткізу туралы» жарлығын орындау барысында жүзеге асырылмақ.
Процедура үш кезең бойынша өтетін болады.
- Мамыр айында облыс прокуроры және оның екі орынбасары президент аппаратынан аттестациялаудан өтетін болады. Кейін Бас прокуратура жанынан құрылған комиссиядан қала және аудан прокурорлары өтеді. 3-ші кезеңде облыстық, қалалық және аудандық прокуратура қызметкерлерін аймақтық аттестациялау комиссиясы өткізетін болады.
Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Ләззат НҰРМАҒАМБЕТОВАНЫҢ хабарлағанындай, аттестациялаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін Бас прокуратураның www.procuror.kz сайтында арнайы тарау ашылды:
- Бұл тарау бас прокурормен және облыс прокурорымен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік береді. Интернет қолданушылар прокуратура қызметкерлері тарапынан болған сыбайлас жемқорлық және басқа да заң бұзушылықтар туралы хабарлай алады.
Л. Нұрмағамбетованың айтуынша, әрбір хабарлама қайталанады және www.akorda.kz ресми сайты арқылы тікелей президентке жолданады.
- Бұл жағдайларда барлық хабарламалардың қаралмай қалуына жол берілмейді, алайда құпия хабарламалар қаралмайды, - деп атап өтті прокурорлар.
Сәния ТОЙКЕН