Атырау, 19 желтоқсан 09:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Бізде – "Бір жол", сіздерде – "Нұрлы жол"», «Дағыстанды кім қалай "тазартты?"», «Мә, Мәсімов тағы келеді», «Жұмыскердің құқығы: нені білу керек?», «Марк Дакаскос: Енді қазақ болғым келеді», «АҚШ әуе соққысынан Сирияда ондаған ресейлік сарбаз өлген».

2 916 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Дағыстанды кім қалай "тазартты?"» - Дағыстан астанасы Махачкалада жұрт әлі «Ленин даңғылы» деп атайтын Расул Гамзатов даңғылы жолақ лентамен қоршалған, қалаға Ресей тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин, бас прокурор Юрий Чайка сияқты жоғары шенділердің келуі жиілегендіктен, жүргіншіден полицей көп. Республика басшылығындағы ауыс-түйіске байланысты Дағыстан бес айдан бері жаңалықтар таспасынан түспей тұр.

«АҚШ әуе соққысынан Сирияда ондаған ресейлік сарбаз өлген» - Халықаралық БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ-тың әуе соққысынан Сирияда соғысып жүрген ондаған ресейлік жалдамалы сарбаз мерт болған.

«Баян-Өлгийдегі “ең жас бүркітші қыз”» - Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында бүркіт салып, саят құратын жасөспірім қазақ қыздар көбейе бастады. Солардың бірі Әйгерім Әскерді әке-шешесі «ең жас бүркітші» деп атайды.

«Бізде – "Бір жол", сіздерде – "Нұрлы жол"» - Азаттық тілшісі Шыңжаң университетінің профессоры Лю Бинмен екі ел арасындағы экономикалық байланыс туралы сұхбаттасты. Сарапшы Үрімжі аймағындағы этникалық азшылық топтардың жағдайына қатысты да ойын айтты.

ABAI.KZ. «Әкімге жанашырлық жат сезім бе?» - Балалар болашағымыз екендігін айтып жатудың өзі артық шығар. Олардың дендерінің сау, өздерінің ақылды болып өсуіне олардың ата-аналары ғана емес, ең алдымен қоғам мүдделі.

365INFO.KZ. «Мә, Мәсімов тағы келеді» - Үкіметтегі абыр-сабыр Сағынтаевты кетіріп тына ма? Мемлекеттік аппарат түрлі тоқпаққа жиірек ұшырай бастады. Десек те, кадрлық ауыс-түйістердің көкесі  алда тұрған сыңайлы. 

«Өтірік әншілерді масқара қылды…» - Түріктер Димаш туралы не дейді?. Музыканы сөз еткенде біз осы күнге дейін қараңғыда қисық айнаға қарап келдік. Ал Димаш сол қараңғыда қолымызда аяқ-асты пайда болған жарық іспетті.

 EGEMEN.KZ. «Журналист неге жазықты болды?» - Жұрт көкейінде жүрген елдік, мемлекеттік мәселені газет бетінде көтергені үшін өскемендік әріптесіміз жұмыстан шығарыла жаздады. Абырой болғанда, мәселеге журналистер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен облыс әкімдігі дер кезінде араласып, жағдай біршама реттелгендей болды.

INFORMBURO.KZ. «Жұмыскердің құқығы: нені білу керек?» - Заңда жұмыс берушінің де, жұмыскердің де құқығы анық айтылған. Десек те, құқығы тапталып, артық іске жегіліп жатқандар, кімге жүгінеді? Кімнен араша сұрайды?

RATEL.KZ. «Дауылбаевтың даулы қарсылығы» - Зейнеттегі шекарашы үкіметтің зейнетақысының жартысына жармасқанына наразы.

«Марк Дакаскос: Енді қазақ болғым келеді» - Голливуд жұлдыздары Шығыс Қазақстан туралы деректі фильм түсіреді.

  QAZAQTIMES.COM. «Қазақстандағы ең лас қалалар тізімі жарияланды» - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2017 жылғы экологиялық мониторингтің қорытындысын шығарды. Мониторинг бойынша 7 елді мекен ластану деңгейі ең жоғары өңірлер тізіміне енді. 


14 ақпан 2018, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.