Атырау, 24 желтоқсан 07:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Ендігі үміт - Қытайда

2 905 просмотра

Миастенияны емдеуге әбден болады. Ал, ем бағасы 12 мың доллар тұрады. Бұл Жанна ЕСМАҒАМБЕТОВАНЫҢ қайтадан аяғынан тұрып кетуі үшін қажет қаржы.

Біз Жанна мен оның қызы Дана туралы жазғанбыз («АЖ» №13, 29 наурыз 2012 жыл, «Анасын аялаған қыз»). Жанна сирек кездесетін миастения (бұлшық еттің әлсіздігі) сырқатына шалдыққан, соның салдарынан оның 15 жасар қызына отбасын асырауға тура келді. Жарияланымнан кейін атыраулықтар оған ақша жібере бастады, бірақ бастысы осы сырқатты бастан өткерген жандар хабарласты.

- Ұлым Азамат дені сау бала боп өсті, тіпті оның тұмау боп ауырғаны есімде жоқ. Аяқ астынан 2008 жылы әлдебір түсініксіз ауру жабысып, Азамат күннен күнге әлсірей берді. Сілекейін жұта алмай, шашалып немесе дем ала алмай қалатын кездері болды. Денесін игере алмайтын, -  деп әңгімеледі жігіттің анасы Қамажай апа.

Азаматқа «миастения» деген диагнозды 2009 жылы қойған. Оның туыстарының алғаш ойына келгені - жігітті Мәскеуге немесе Израильге апарып, операция жасату болды. Алайда ғаламторды жақсылап шарлап, Қытайға барған жөн деп шешті. Операция мен әрі қарай оңалту құны анағұрлым арзан әрі нәтижесі де жақсы екен. Ресейлік бағаларға отбасының күші жетпеген болар еді. Операция сәтті аяқталған. Азаматтың жүз пайыз дені сау деп айтуға анасы көз тиеді деп қорқады. Алайда әжептәуір оңалып қалған. Бүгінде 20 жастағы Азамат болашаққа сеніммен қарайды. Қытайдағы емдеу құны мен анасы екеуінің сол елде болған екі айына 12 мың доллар ақша кеткен.

Ұсталған шетелдік маркалы көліктің құны біреуге көп болмаса да, Жанна мен Дана үшін өмір құны. Қол жетпейтін баға. Бірақ олар Азаматпен танысқан кезде, емделуге болатынын түсініп, әрекет етуге көшкен. Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВПЕН таныстықтың арқасында Жаннаның хикаясын әңгімелейтін фильм шыққан.

- Мен өзім 2006 жылдан бері онкологиялық сырқатқа шалдыққанмын. Сондықтан да өз өмірі мен денсаулығы  үшін күресу тақырыбы маған етене жақын. Осы уақыт ішінде жер бетінде сирек кездесетін сырқаттардан көп адамдардың зардап шегетінін білдім, - дейді Ерлан. – Адам ауырмаса, бұл туралы ойланбайды, оның үстіне дені сау адамдар біздің проблемамыздың бар екенін білмейді де, біз құдды бөлек әлемде өмір сүріп жатқандаймыз.

- Біз фильмді бүкіл ұжым болып көрдік. Әлсіз әйел мен кішкентай қыздың кеселмен қалай күресіп жатқаны туралы хикая біздің жанымызды тебірентті. Оларға өзіміздің бір күндік жалақымызды аударуды ұйғардық, - дейді облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының бастығы Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ.

Фильмді көзіңе жас алмай қарау мүмкін емес. Бұл хикая көп нәрсе туралы басқаша ойлауға мәжбүр етеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 мамыр 2012, 22:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.