Атырау, 11 желтоқсан 10:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Құлсарыдағы түнгі атыс

3 587 просмотра

Айналадағылар  мамырдың  1-ін  тойлап жатқанда  20 жастағы  құлсарылық белгісіз біреудің  атқан оғына  ұшты.

 Атырау облыстық тергеу және анықтама заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Данияр ТӨЛЕГЕНОВТЫҢ   хабарлауынша аяқ асты  Құлсарыда түн ортасында орын алған атыс жайлы ақпар Жылой  аудандық ІІБ-не  аудандық орталық ауруханасынан мамырдың  1-не қараған түнгі  2-де келіп түскен.

-Оққа ұшқан Құлсары қаласы тұрғыны мамырдың 1-не қараған түні қаладағы 3-ықшам аудандаы үйлерлдің  біріне қасындағы балаларын  ішке  кіргізіп жіберіп, сыртта  телефонмен сөйлесіп тұрғанда белгісіз біреу келіп атып кеткен,-деп түсіндіреді прокурор.

Сол түні оққа  ұшқан  құлсарылық  екі баланың  әкесі тілге келместен көз жұмған.

Прокурор сөзіне сүйенсек,  оқиға орынынан аңшылық мылтықтың диаметрі 16 мм-лік 2 дана пластикалық контейнерлері, орташа диаметрлері 5-7 мм-лі көптеген қорғасын дробтары табылған.

Қан дақ үлгілері мен сол жерден табылған  арақ құтысы сыртынан  табылған саусақ іздеріне сараптама  жасалып, тергеу амалдары жүргізілу үстінде.

-Сезікті деп саналған 1993 жылы туылған құлсарылық азамат қамауға алынды. Оған қатысты  адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды,-дейді Д.Төлегенов.

Сәния ТОЙКЕН

16 мамыр 2012, 22:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.