Атырау –Астрахан тас жолының бойында қарсы бағытқа шығып кеткен 64 жасар француз КамАЗбен соғысып аман қалды.
- Бұл оқиға мамырдың 10 күні орын алды деп хабарлайды Атырау облыстық тергеу және анықтама заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Данияр ТӨЛЕГЕНОВ- Атырау-Астрахань тас жолының бойындағы Забурын ауылы тұсында Франция мемлекетінің азаматы «ФИАТ» автокөлігімен абайсызда жолдың қарсы бөлігіне шығып Камазбен соғысқан. Адамдар зардап шеккен жоқ, бірақ материалдық шығын бар.
Прокурордың айтуынша, Франция мемлекетінің азаматына қатысты әкімшілік шара алу үшін құжаттар жинақталып жатыр.
Сәния ТОЙКЕН