Атырау, 24 қараша 11:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жолақы өсті

2 487 просмотра

Кеше, 16 мамырда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар қоғамдық көлікте жолақысын өсіруге бір ауыздан дауыс берді.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап қалаішілік маршруттардағы жолақы - 60 теңге болады.  Қала маңына жүретін маршруттар жол қашықтығына қарай 50 теңгеден 70 теңге аралығында, енді олардың барлығына 10 теңгеден қосылады.

Тарифті көтеру қажеттілігінің туындау себебіне сессияда қалалық ТКШ бөлімінің энергетика және көлік секторының  меңгерушісі Қуаныш ИБРАГИМОВ тоқталып өтті. Ол бүгінгі күні 33 маршрутта (21- қалада) 8 тасымалдаушы кәсіпорынға тиесілі 473 жолаушылар автобусы мен Газельдердің  жұмыс жасайтынын хабарлады.

Ибрагимовтың айтуынша, тасымалдаушылар бюджеттен ешқандай субсидия алмайды, соғыс ардагерлері, мүгедектер және сабақ кезінде мектеп оқушылары мен басқа да жеңілдік алушылар үшін  тек 50% ғана алады. Алайда, тасымалдаушылардың басты дәлелі жанар-жағар май құны. 2008 жылдан бастап жол ақысы 25 теңгеден 45 теңгеге  көтерілген кезде қысқы дизель отынының литрі   90 теңгеден 145 теңгеге дейін өсті, жазғы отын – 65 теңгеден 95 теңгеге дейін көтерілді, АИ-80 – 65 - тен 92 теңгеге дейін, АИ-93 – 86-дан 116 теңгеге дейін, мотор майы – 425 теңгеден 1 000 теңгеге өсті. Қосалқы бөлшектердің де бағасы айтарлықтай қымбаттады. Сондықтан да қазіргі тарифті сақтаған жағдайда тасымалдаушылар өз шығындарын және автобус сатып алу үшін алған несиелерін төлей алмай қалады. Сөйтіп, автобустарын сатып жіберуге мәжбүр болуда.

Депутаттар айтылған дәлелдерді орынды деп тауып, тарифті көтеруге бір ауыздан дауыс берді. Сессия аяқталған соң мен Қ.Ибрагимовпен сөйлестім.

- Бәлкім, тарифті көтеруден бұрын тасымалдаушылардың табыстарына есеп жүргізу үшін жолаушылар көлігінде билет жүйесін енгізу керек пе еді? Ал, біз олардың айтқан сөздеріне ғана сенеміз, шынында да қазіргі тариф олар үшін шығынды болды ма?

- Жолаушылар көлігі қай кезде де, тіпті, кеңістік дәуірде билет жүйесі болған мезгілде де шығынды болды. Сол кезде мемлекет қалалық автобус паркін ұстауға қосымша қаржы бөліп отыратын. Бұдан басқа, біздегі жолақысының өзіндік құны есебінің  формуласы бойынша тасымалдаушылардың шығынын ақтау үшін тариф 68 теңге болуы керек. Бірақ біз одан аз етіп белгіледік.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

16 мамыр 2012, 22:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.