Атырау, 27 желтоқсан 05:46
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Шетелден келіп дәріс берді

1 731 просмотра

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Брюнель университетінің (Ұлыбритания) Брюнель бизнес мектебінің оқытушысы Абрахим АЛТОНАЙАН (суретте) екі апта дәріс оқыды. Ағылшын педагогы Атырау жоғары оқу орнында халықаралық академиялық алмасу бағдарламасы аясында жұмыс істеген еді.

- Біздің оқу орнымыз университеттердің Ұлы хартиясына кіреді, - дейді АМУ халықаралық байланыстар жөніндегі департаментінің бастығы Айгүл СҰЛТАНҒҰБИЕВА.Университет оқытушыларының деңгейін көтеру үшін шетелдік жоғары оқу орындарының педагогтарымен тығыз байланыс орнатуға бет бұрдық.

Алтонайан - академиялық алмасу бағдарламасы аясында АМУ-ге аяқ басқан алғашқы шетелдік оқытушы. Экономика факультетінің студенттері мен оқытушыларына арналған дәрістерден басқа, ол жалпы университет жұмысымен танысты.

- Мен Атырауға әлі де келемін деп ойлаймын, - дейді А. Алтонайан. - Брюнель университеті АМУ-мен тығыз байланыста жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Оқытушылар жұмысының сапасын жақсарту, оқу материалдарының базасын жаңарту қажет болады. Мұның бәрі алдағы уақытта түлектердің білім сапасына әсерін тигізеді.

Біздің білім беру жүйесінің кемшілігі ретінде ол жаңа технологияның нашар қолданылуы мен шетелдік электронды кітапханалардан әлденеше есе төмен деңгейдегі ескірген кітап қорын атап өтті.

АМУ-дан басқа, Брюнель бизнес мектебі Көкшетау мемлекеттік университетімен тығыз жұмыс істейді екен.  Келесі оқу жылында 20 көкшетаулық студент семестр бойына Брюнель университетінде білім алмақ. Біздің оқытушылар мен студенттердің Англияға бару мүмкіндігі таяу уақыттарда қарастырылатын болады.

- Біз басқа шетелдік жоғарғы оқу орындарымен де жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз, - дейді А. Сұлтанғұбиева. – Келесі оқу жылында біздің студенттер тобы білім алу үшін Финляндияға аттанады.

Тамара СУХОМЛИНОВА,

Суретті түсірген автор

16 мамыр 2012, 22:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.