Атырау, 19 желтоқсан 09:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару заңы», «Жер туралы заң «жерге» қаратпайтын шығар…», «"Арқадағтың" ұлы көпшілік алдына жиі шыға бастады», «Қуса да құтылмады…», «Дәрігердің қатесін қай кезде кешіруге болады?».

2 491 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Арқадағтың" ұлы көпшілік алдына жиі шыға бастады» - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ұлы Сердармен бірге Ашғабаттағы Ақалтеке ат баптау кешеніне барып, серуендеп қайтқан.

«Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару заңы» - Қазақстанның тұңғыш әрі әзірше жалғыз президентіне қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін заң жобасы Қазақстан парламенті қарауына түсті.

«Ресейлік Су-25 ұшағын қалай атып түсірген?» - Ақпанның 3-і күні содырлар Сирияның Идлиб провинциясында ресейлік Су-25 әскери ұшағын атып түсірген еді. Ұшқыш, майор Роман Николаевич Филипов парашютпен секіріп, қарсыластың территориясына аман-есен түскенімен, атыс кезінде қаза тапқан. Су-25 шабуылдаушы ұшағы - Сирияда содырлар құлатқан және жерден атып түсірілген алғашқы ресейлік ұшақ.

«Ата-аналары орамалды оқушыларды Ресейде оқытпақ» - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы №2 мектептегі орамал тартқан қыз балалар екі айдан бері сабаққа кіре алмай отыр.

AIKYN.KZ. «Жер туралы заң «жерге» қаратпайтын шығар…» - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмысында «Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатқаны айқын. Әлеуметтік желілер мен кейбір сайттарда осыған байланысты мәселеніің байыбына бармай жатып, әртүрлі пікірлер айтылуда.

«Адамзатты болашақта не күтіп тұр?» - Бір нәрсе айқын: адам баласы өсіп, эволюциялық жолмен барған сайын дамып келеді. Өркениет көшінің озық технологиямен өркендегені соншалықты, қазір «адамзатты болашақта қандай даму күтіп тұр?» деген сауалға ойлана бастадық.

ZHASALASH.KZ. «Қуса да құтылмады…» - Кешегі кеңес заманында «партия «Волгаға» бір мінгізсе, қайтып түсірмейді» деп айтушы еді. Сол айтпақшы, біздің билік те үлкен қызметте жүріп босап қалғандарды артынша-ақ басқа қызметке шақырып, әйтеуір, жұмыссыз жүргізбейтін болды. «Бір адам таққа мінсе, қырық адам атқа мінеді» деген, командадағы жігіттердің бірінің бағы жанып басшы боп шыға келсе, тез арада басқаларын жинай қояды.

NFORMBURO.KZ. «Дәрігердің қатесін қай кезде кешіруге болады?» - Соңғы үш жылда "дәрігердің қателігі" бойынша мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған. Аз ба? Денсаулық сақтау министірі неге қателескен дәрігерді кешіруге дайын?

SERKE.ORG. «Ержан Тәтішевті өлтіруге Мұхтар Әбілязов тапсырыс берді ме?» - Қоқан-лоққы жасап бизнестегі әріптесінің дүние-мүлкін иеленіп кеттті, заңсыз қару-жарақ сақтады деген айыппен былтыр 3 жылға сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиге енді адам өлтіру бойынша  айып тағылды. Қазір тергеу аяқталы, іс сотқа жіберілді. Бұл қылмыстық іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  қаралады.

EGEMEN.KZ. «Ақылы паркомат: кімге пайда, кімге зиян?» -  Алматы қаласында екі жылдан бері AParking белгісі бар паркоматтар жұмыс істейді. Әрине қомақты инвестиция салынған бұл жобаның артықшылықтары да бар. Жүргізушілерден жол жағалағандар бұрынғыдай 100 теңгеден жабайы түрде жинап жүрмейді. 


6 ақпан 2018, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.