Атырау, 19 желтоқсан 08:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ресейге салынатын санкцияның Қазақстанға еш қатысы жоқ», «ЕАЭО: Үміт пен күдік», «Мұхтар Құл-Мұхаммед сенатта кімнің орнын басты?», «Құпия меморандумда не айтылған?», «Қытайдың діни саясаты».

2 340 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Құпия меморандумда не айтылған?» - Дональд Трамптың сайлауалды штабының мүшесіне Ресей барлау қызметі тыңшылық жасады деген құжатты Дональд Трамп әділет министрлігінің қарсылығына қарамастан жариялады.

«Министрдің "зиянсыз" зымыран жайлы сөзі белсендіні иландырмады» - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан аумағына құлату жоспарланған "Союз-2" зымыраны бөлшектері қоршаған ортаға зиян әкелмейді деп сендіруге тырысады. Зымыран бөлшегін құлатуға қарсы белсенді ондай зерттеу қорытындысын жұртқа жариялауды талап етеді.

QAMSHY.KZ. «Балтабек Нұрғалиев: Бізді Назарбаевтар династиясы ғана билеуі керек» - Әлеуметтік желіде Балтабек Нұрғалиевтің аты жер жарып тұр. Ол президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, оның әкесі Әбішке, анасы Әлжанға, қызы Дариғаға жеке-жеке өлең арнап, өзінің Facebook парақшасында жариялаған.

«Əр қазақ мына зағип поляктан үлгі алса...» - 23 жастағы Польша азаматы Вячеслав Чернев тоғыз тіл біледі. Оның ішінде қазақша еркін сөйлейді. Зағип болса да, еңбекқор, талантты жігіт Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін қалт жібермей қадағалап отырады. Елімізге алғаш келген қонақпен Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі сұхбаттасты.

ABAI.KZ. «Қытайдың діни саясаты» - Қазір  таңда  дінтану ғылымы үшін  көрші елдердегі діни ахуалды, мемлекет  және  дін қатынасын зерттеу  маңызды. Бүгінгі  өзгермелі заманда көрші елдердегі саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени үдерістерді  талдап зерделеудің маңызды екендігі даусыз. 

«Ресейге салынатын санкцияның Қазақстанға еш қатысы жоқ» - АҚШ санкциясының салқыны Қазақстанға тимейді. Бұл АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Жорж Кроллдың айтқаны.

 AIKYN.KZ. «ЕАЭО: Үміт пен күдік» - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында ЕАЭО мүше болуымыз Қазақ елінің ең басты 33 нәтижесінің бірі ретінде баяндалған. Өйткені Президент 1998 жылы ТМД реформалау туралы талпыныс жүзеге аспады деп жазады. Сондықтан да Елбасы Кеден одағы мен ЕАЭО құру туралы бастама көтергені көпшілікке белгілі. Қазіргі таңда аталған ұйым құрылып, өз жұмысын жүргізіп жатыр.

QAZAQTIMES.COM. «2017 жылы Назарбаев ішкі және сыртқы саясатта кімдермен жиі байланыс орнатты?» - Жаңа 2018 жылдың басталғанына бір айдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Нұрсұлтан Назарбаев бір ғана ресми іс-сапар жасады. Ол 16 қаңтар күні Уашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. Аталмыш іс-сапарды айтпаған, жазбаған, талқыламаған газет, журнал, телеарна, сайт қалмады. Бірақ бүгін біз Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл іс-сапары жөнінде емес, былтырғы жылғы жұмыс жоспары жөнінде сөз қозғайтын боламыз. 

RATEL.KZ. «Мұхтар Құл-Мұхаммед сенатта кімнің орнын басты?» - Өткен апта ішінде елімізде түрлі салаларда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. «ҚазАқпарат» ХАА апта ішіндегі тағайындауларға шолу ұсынады.

INFORMBURO.KZ. «Бабаларымыздың "Жеті атаға толмай қыз алыспау" қағидасы қайдан шықты?» - Бұл қағиданың шығу тарихы. Жеті атаға дейін қанша ұрпақ көргенін қалай есептейміз? Жеті атаға толғаннан кейін қандай жоралғы жасаған? Толмаса қалай жазалаған?

DALANEWS.KZ.  «Жетісі мен қырқын бір күнде өткізу ақылға сия ма?» - Атырау облысының бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жаназа және жерлеу рәсімдеріне қатысты бірқатар ұсыныстар жасаған екен.


5 ақпан 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.