AZATTYQ.ORG. «Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық Қазақстанға не берді?» - Ақпанның 1-і күні Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ету мерзімі аяқталды. Сарапшылар бір ай ішінде атқарылған істерге тоқталып, төрағалық қызметіне баға береді.
«ҰҚК экс-басшысы Дүтбаевтың жаза мерзімі ұзартылды» - Ақмола гарнизонының әскери соты ҰҚК-нің бұрынғы басшысы, бұған дейін сотталған Нартай Дүтбаевты "қаржы жымқыру және жылыстату" айыбы бойынша 12 жылға соттады.
«Әлеуметтік желі шығармашылық алаңына айналды» - Жазған өлең-әңгімелерін әлеуметтік желілерде жариялайтын авторлар көбейіп келеді. Кейбірі мұны "шығармаңды жылдам таратудың ыңғайлы жолы" десе, енді біреулер "хаус" деп сынайды.
«Польшаның Холокост жайлы заң жобасы өзге елдердің шамына тиді» - Польша парламенті мақұлдаған Холокост туралы даулы заң жобасы Израиль мен Украинаның наразылығын тудырды.
QAMSHY.KZ. «Жұбайларын орамалдың астына жасырған қазақстандық жұлдыздар» - Қазақстанда Құдай қосқан қосағы хиджап киетін жұлдыздар бар. Qamshy.kz ақпарат агенттігі солардың тізімін оқырман назарына ұсынады.
ABAI.KZ. «Сүңгуір қайықта қызмет еткен қазақ» - Сексенінші жылдардың басында Рафик Шақуанов туған жеріне көтеріңкі көңіл-күймен кезекті демалысына келеді. Осы демалыстан кейін бірден Ленинградтағы жоғары әскери-теңіз академиясына білім алуға баратынын қуана жеткізеді. Бала күнгі: «Қазақтан шыққан тұңғыш адмирал боламын!» деген арманының орындалатынын сәті алыс еместігін де тілге тиек етеді.
TURKYSTAN.KZ. «Шипа іздеп шетел асатындар» - Елімізде денсаулық саласының дамуына айрықша назар аударылып, медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын арттыруға, емдеу технологияларын жетілдіре түсуге күш салынуда.
QAZAQTIMES.COM. «Олигархтар қолдауындағы Мирзиеев немесе Кәрімов командасының күйреуі» - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятовты қызметінен алып тастап, өзінің кеңесшісі етіп тағайындады. Бұл Өзбекстанда Ислам Кәрімовтан кейінгі «жарты құдай» Иноятовтың дәуірінің аяқталғанының белгісі ме, жоқ әлде өзбек саясат сахнасындағы екі алыптың ымыраға келуі ме?
EGEMEN.KZ. «Кейіпкерін сүймей, елін сүймейді» - К.Станиславскийдің әйгілі жүйесінде «кейіпкержандылық өнері» және «кейіпкерсындылық өнері» деген терминдер бар. Қазақ киносындағы жасалып жатқан көп дүниелер осы анықтаманың соңғысы іспеттес. Қандай ұлттық кейіпкер болсын образының ішіне ендеп кіре алмайды, тек сырт бейнесін кейіптейді.
SERKE.ORG. «Ақпарат министрлігінде ашықтық жоқ. Неге?» - Атауы айтып тұрғандай, қоғамға ең ашық мемлекеттік орган болуы тиіс Ақпарат және коммуникация министрлігі тағы да ыңғайсыз жағдайға қалды. Былтыр «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне арнайы сұрау салып, бюджеттен ақпараттандыруға бөлінген 2 миллиардтан астам теңгені қандай бұқаралық ақпарат құралдары иемденгені, олар бұл тендерді қандай артықшылығына байланысты жеңіп алғаны жөнінде мәлімет сұраған. Мұндай мәліметті бергісі келмеген министр Дәурен Абаев «қызмет бабында ғана қолдануға болатын» мәлімет деп, құпиялап тастаған.