AZATTYQ.ORG. «Шағымданбайды, берілмейді. Диссидент Арон Атабек 65 жасқа толды» - 12 жыл бойы түрмеде отырған ақын әрі диссидент Арон Атабек 65 жасқа толды. Оған барған құқыққорғаушылар ақынның шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазасын жеңілдетуді сұрап өтініш беру ойына кіріп шықпайтынын айтады. Достары мен таныстары Атабектің сан қырлы тұлға екенін айтса, құқыққорғаушылар оның төзімділігіне тәнті болады.
«Өзбекстанның "сұр кардиналы" қызметінен алынды» - Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметін 23 жыл басқарған 73 жастағы Рустам Иноятов қызметінен алынды. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қаңтардың 31-де ҰҚК, Бас прокуратура басшыларымен өткізген селекторлық жиында айтты.
«Трамп Ресей мен Қытайды "АҚШ-тың бәсекелесі" деп атады» - АҚШ президенті Дональд Трамп Конгрестегі алғашқы жолдауында Қытай мен Ресейді "бәсекелестер" деп атап, елдің ядролық әлеуетін нығайтуға, сонымен бірге Иран мен әлемдік державалар арасында жасалған ядролық келісімнің "іргелі кемшіліктерін" жоюға шақырды.
«"Путиндік Ресей" жайлы 100 сұрақ» - "Путиндік Ресейге қатысты 100 сұрақ" (La Russie de Poutine en 100 questions) – қазіргі Ресейдің жағдайы түрлі дереккөздерден алынған фактілер мен жеке автордың тәжірибесіне сүйеніп сипатталған 100 қысқа тараудан тұратын кітап. Шығарманың мақсаты – либералдық құндылықтар негізінде тәрбиеленген Батыс Еуропа тұрғындарына қазіргі Ресейдің болмысын түсіндіру.
«"Кремль тізімін" инвесторлар сабырмен қабылдады» - Инвесторлар АҚШ жариялаған "Ресей олигархтары тізімін" сабырмен қабылдады. Кей сарапшылар Вашингтон Мәскеуге жаңа санкция салуға құлықты емес деп санайды.
QAMSHY.KZ. «Оразгүл Асанғазы: Тіл мәселесінің жанында орамал мәселесі түк емес» - Қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Ол кісі қазақ тілінің бүгінгі халіне биліктен бұрын қарапайым халықты кінәлады. Ашық әңгімеде дін мен ұлттық құндылық мәселелері де бүкпесіз айтылды.
ABAI.KZ. «Сот пен Прокуратура - сталиндік-тоталитарлық жүйенің ізбасары» - Өткен аптаның басты жаңалығы – жоғарғы сот пен бас прокуратураның алқалы жиындары өтіп, олардың жаңадан тағайындалған басшылары Жақып Асанов пен Қайрат Қожамжаров өз ведомстволарына қатысты ойларын, жалпы, елдегі құқықтық реформа тұрғысындағы көзқарастарын қоғамға жеткізіп, ортаға салды. Біраз шынайы ақпарат, әділетті сын айтылды, жақсы, қажетті ұсыныстар жасалды, тапсырмалар берілді. Алайда сот пен құқық саласына қатысты қоғам ішіндегі сенімсіздік пен күдік сейілер емес. Неге?
QAZAQTIMES.COM. «Дональд Трамптың бір жылы: АҚШ Президенті қандай 7 ісін мақтаныш көреді?» - Дональд Трамп АҚШ Президенті лауазымында өткізген бір жылын қорытындылап сөйлеген 80 минуттық сөзінде "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымынан бастап, Empire State Building ғимаратына дейін әртүрлі тақырыптарды әңгімесіне арқау етті.
«Аты шулы Италия мафияларының қазіргі жағдайы» - Италия полиция тараулары елдегі мафияға қарсы күрес операциясын жүргізіп, Неапол, Рим және Агриженто қалаларынан бірқатар адамды тұтқындады. Қамауға алынғандарға адам өлтіру, есірткі саудалау, сыбайлас жемқорлық, тонау, жезөкшелер бизнесі қатарлы айыптар тағылған. Бүкіл әлемге танымал италиялық мафиялар әңгімесі бүгін қандай бейнеде? BBC бұл туралы арнайы сараптама жасады.
«Көмірдің тапшы болу себебі неде екені әлі анық емес» - Қазақстандықтар көмір іздеп биылғыдай сабылмаған болар, шамасы. Өйткені өткен жылдың қазан айында басталған көмір тапшылығы, осы жылдың қаңтарында қайта басталды.
INFORMBURO.KZ. «Салық кодексі биыл тағы өзгерді. Салықтан кім босатылады?» - 2018 жылдың бірінші қаңтарында күшіне енген салық кодексінде біршама жеңілдіктер қарастырылған. Бірінде талаптар күшейтілсе, бірінде керісінше, жұмсарыпты.